Қазақстандық Павел Ильяшенко бессайыстан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық Павел Ильяшенко бессайыстан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық Павел Ильяшенко Астанада өткен қазіргі заманғы бессайыстан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды федерация баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Vesti.kz тілшісі.

Жарыс екі күн бойы өткізілді: оның қорытындысы бойынша семсерлесу мен жүзу спорт түрлері бойынша екі бірдей қазақстандық атлет Леонид Зимарев пен павел Ильяшенко сәйкесінше екінші және үшінші орындардан көрінсе, топ басында қытайлық Джанли Го келе жатқан.

Медальдар жарысындағы жағдай атпен өнер көрсету және комбайннан (жүгіру мен ату) кейін өзгеріп шыға келді. Нәтижесінде Павел Ильяшенко бірінші орындағы қытайлықтан озып, алтын жүлдеге ие болды. Одан кейінгі орындарға Шохей Ивамото (Жапония) мен корейлік Чинхва Чжон жайғасты.   

Ал әйелдер арасындағы сайыста қытайлық спортшы қыздардың бағы жанды. Ченг Кванг пен Ванг Ли алтын және күміс медальдарға ие болса, корейлік Янг Су Джин үздік үштікті қорытындылады. Сондай-ақ Қытай спортшылары командалық есепте де бірінші орыннан көрінді. Одан кейін корея болса, үшінші орын Қазақстанға бұйырды. Ал ерлер арасында керісінше еліміздің бағы жанды. Екінші орын Қырғызстанда болса, үшінші орын Қытайға тиді.

Осыған дейін Павел Ильюшенко бастаған қазақстандық команда эстафетада ешкімге дес бермесе, отандық жастар құрамасы II Жастар арасындағы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі аясында бессайыстан эстафетада үшінші болып кеді.  

Айта кетейік, қазіргі заманғы бессайыстан Азия чемпионаты Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында өткен еді. Ол жерде жарыстың үш түрінен: жүгіру, ату және ат сайысынан болса, «Сарыарқа» велотрегінде спортшылар семсерлесу мен жүзуден жарысқа түсті. Одан бөлек, осы жарыстан кейін Қазақстан әлем чемпионатын да қабылдауы мүмкін екендігі жөнінде ақпараттар пайда болды.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет