Остапенко негізгі құрамға ілікпеді

О Сансызбай Корреспондент
Остапенко негізгі құрамға ілікпеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек 2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Фарер аралдары мен Ирландияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімін жариялады.

БӨЛІСУ

Мирослав Беранектің бұл жолғы жасақтаған тізімінің негізгі құрамына «Астана» командасының шабуылшысы Сергей Остапенко енбеген. Ал есесіне оның командаласы Елдос Ахметов негізгі құрамда алаңға шықпақ. Сонымен қатар Германияда доп теуіп жүрген Энгель мен Шмитдгаль да негізгі құрамда өнер көрсетеді деп күтілуде.

Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»), Самат Отарбаев («Ордабасы» Шымкент);
Қорғаушылар: Қайрат Нұрдаулетов («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Алексей Мулдаров («Ақтөбе»), Елдос Ахметов («Астана»), Виктор Дмитренко («Астана»), Марк Гурман («Қайрат» Алматы), Александр Кислицын («Қайрат» Алматы), Константин Энгель («Энерги» Коттбус, Германия);
Жартылай қорғаушылар: Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл» Костанай), Мақсат Байжанов («Шахтер» ), Генрих Шмидтгаль («Фортуна» Дюссельдорф, Германия), Валерий Коробкин («Астана»), Дмитрий Шомко («Ертіс»), Павел Шабалин («Ертіс»), Игорь Юрин («Ертіс»), Андрей Карпович («Ордабасы» Шымкент), Анатолий Богданов («Тобыл» Қостанай);
Шабуылшылар: Андрей Финонченко («Шахтер»), Сергей Хижниченко («Шахтер»), Алексей Щеткин («Атырау»).

Қосалқы құрам:
Қақпада: Антон Цирин («Жетісу»); Қорғаушылар: Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы» Шымкент), Захар Коробов («Жетісу»); Жартылай қорғаушылар: Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Серікжан Мұжықов («Жетісу»); Азат Нұрғалиев («Ордабасы»); Шабуылшылар: Танат Нөсербаев («Астана»), Сергей Остапенко («Астана»).

Естеріңізге сала кететін болсақ, Қазақстан ұлттық құрамасы 11 қазан күні Фарер аралдарында, 15 қазанда Ирландияда қонақта кездесулер өткізеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ffk.kz