Кездесу алдындағы болжам: "Арсенал"– "Наполи"

Кездесу алдындағы болжам: "Арсенал"– "Наполи"

Ойын есептері қызу талқылануда

Бүгін Чемпиондар Лигасының 2-турының алғашқы ойындары шымылдығын ашады. 1 қазан күні кәрі құрлықтағы ең ірі алпауыт командалар сынға түспек... 

F тобында дортмундық «Боруссия» марсельдік «Олимпикті» қабылдаса, италиялық «Наполи» қонақта лондондық «Арсеналмен» кездесу өткізеді.

Алғашқы турда «Арсенал» Марсельде «Олимпикті» 2:1 есебімен тізе бүктірген болатын, ал «Наполи» үйде осы есеппен «Боруссиядан» басым түсіп еді. 

F тобының азулы командалары әр ұпайдан шашау шығармауға тырысады. Топтан шығуға қай-қайсысының мүмкіндігі бар. Орталық кездесуде Арсен Венгердің тәлімгерлері Рафаэль Бенитестің қосынына қарсы тұрады. Қос ұжым да бірінші кездесулерін жеңістен бастаған болатын. Қос клуб та өз біріншіліктерінде көш бастап келеді. Рафаның шәкірттері бір жолы ғана есе жіберіп алса, лондондық "канонирлер" ағылшын біріншілігінің көш басында тұр. Соңғы турда қонақта өткен кездесулерін жеңіспен аяқтады - лондондықтар "Суонсиден" 2:1 есебімен басым түссе, неополитандықтар "Дженоадан" (2:0) айласын асыра алып еді. 

Лондонға италиялықтар сапынан негізгі құрамның қос қорғаушысы бармаса (Кристиа Маджо мен Рауль Альбиоль аздаған жарақат алып қалған), алаң иелері сапынан Тео Уолкотт, Яя Саного, Лукас Подольски,Санти Касорла, Алекс Окслейд-Чемберлен және Әбу Диаби сынды футбошылар шықпайтын болды. 

Арсен Венгер,«Арсеналдың» бас бапкері:

- Біздер күрделі топтамыз. Мұнда «Марсель», «Наполи» және «Боруссия» секілді мықты командалар жиналған. Аталған клубтардың барлығы да өз біріншіліктерінде көш басында тұр. Рафаэль Бенитес - жоғары деңгейлі маман. Оның командасына қарсы ойын өткізетініңді білгенде, ауыр тиетінін білесің. Бірақ, біздің жеңгіміз келеді және осы қылығымыз өз күшімізге сенім ұялатады. 

Рафаэль Бенитес, «Наполидің» бас бапкері

- Біздер маусымның сәтті басталған тұсында эйфорияға түсіп кетпеуіміз керек. Біздер өте мықты командаға қарсы кездесу өткізейін деп отырмыз. Біздерге мінез бен рух бірлігін көрсете білу қажет. Арсен Венгер ағылшын біріншілігінің ең үздік бас бапкерлері қатарынан. «Канонирлер» мықты ойыншыларға құда түсіп, бұрынғыдан да күшейе түсті. 

Сандар айғақтайды

– «Наполи» ешқашан Англияда жеңіске жетіп көрмепті. Неаполитандықтардың еншісінде бір тең есеп пен төрт жеңіліс бар. 

– «Арсенал» Чемпиондар Лигасының өз алаңында өткен 46 кездесуінде төрт ретте ғана жеңіліс тапқан. Бір шындығы, екі жеңіліс соңғы үш кездесуде (өз үйлерінде) орын алып отыр. 

– Ағылшын командаларына қарсы өткен қонақтағы бес ойында «Наполи» 16 гол жіберген. 

– «Наполи» өзі қатысқан Чемпиондар Лигасының барлық кездесуінде гол соққан. 

– Арсен Венгер бірде-бір мәрте Рафаэль Бенитестің командасын Чемпиондар лигасында жеңіп көрмепті (екі тең есеп және екі жеңіліс). 

Қазылар алқасы

Командалар арасындағы кездесуде Милорад Мажич бастаған қазылар алқасы төрелік етпек. 

Чемпиондар Лигасы, топтық кездесу, 2-тур ойындары

E тобы

«Базель» - «Шальке 04» - 00:45

«Стяуа» - «Челси» -  00:45

тобы

«Боруссия» - «Олимпик» -  00:45

«Арсенал» - «Наполи» -  00:45

тобы

«Зенит» - «Аустрия» - 22:00

«Порту» - «Атлетико» -  00:45

H тобы 

«Аякс» - «Милан» -  00:45

«Селтик» - «Барселона» -  00:45

Ойын есептері қызу талқылануда

Автор: Фараби Арыстанбек

сурет:eurosport.ru

Л. Лига