Қазақстан құрамасы карпишингтен қола жүлде иеленді

Қазақстан құрамасы карпишингтен қола жүлде иеленді

24-28 қыркүйек аралығында Португалияда карпишингтен (тұқы балығын спорттық аулау) өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы карпфишингтен әлем чемпионатына 2008 жылдан бастап қатысып келеді. Бұл жерлестеріміздің осы уақыт аралығындағы ең алғашқы үлкен жетістігі болып отыр. Португалияның Монтаржил көлінде өткен сайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 20 команда қатысты. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар 2012 жылғы Әлем чемпионы Румыния мен жарыстың бірнеше дүркін жеңімпазы ОАР құрамаларын артта қалдырып, қол жүлдені қанжығаларына байлады.

Спортшыларымыз 3 қазан күні елге оралады деп күтілуде.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: karpolov.com

Ө. Сансызбай