Месси мен Сесар – "Барселона" тарихындағы үздік бомбардирлер

Месси мен Сесар – "Барселона" тарихындағы үздік бомбардирлер

«Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси «Барсаның» бұрыншы шабуылшысы Сесармен соққан гол саны бойынша теңесті.

Қазір Месси мен Сесардың қоржындарында 223 голдан бар. Осылайша, олар Испания чемпионаты тарихында «Барселонаның» үздік бомбардирі атағын бөлісіп отыр. Мессидің келесі голы оны жеке-дара көшбасшы қылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, Лионель Месси «Альмерия» қақпасына екі гол соққан болатын (2:0), бірақ бірінші таймда алған жарақатына байланысты ауыстырылған еді.

Сонымен қатар, Месси Испания чемпионаты тарихындағы үздік бес бомбардир қатарына кірді. Бірінші орында «Атлетиктің» аты аңызға айналған шабуылшысы Телмо Сарра (251 гол) болса, одан кейін Уго Санчес (234), Рауль (228) және Альфредо Ди Стефанолар (227) тұр. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: sport-xl.net 

Ж. FM