Усейн Болт Бэйлға көмектеспек

Усейн Болт Бэйлға көмектеспек

Алты дүркін Олимпиада чемпионы ямайкалық желаяқ Усейн Болт мадридтік «Реал» командасының жартылай қорғаушысы Гарет Бэйлдың әлемдегі ең жылдам футболшы атануына көмектесетінін мәлімдеді.


"Мен "Реал" командасын құрметтеймін. Жақында ғана мадридтік командаға ауысып келген Гарет Бэйл үшін де қуаныштымын. Футболшы өз жылдамдығын арттыру мақсатында дайындығын шыңдап жүргенін естідім. Егер менен «корольдік клуб» пен Бэйл көмек сұрап жатса, мен Мадридке ұшуға дайынмын. Криштиану Роналдуға жылдамдықты арттыруды үйреткенмін. Қазір бұл футболшы әлемдегі ең жылдам ойыншылардың қатарында," – дейді желден жылдам Болт. 

Естеріңізге сала кететін болсақ, валийлік жартылай қорғаушының жылдамдығы «Реал» сапындағы «Вильярреалға» қарсы алғашқы кездесуінде 40 километр/сағат көрсеткішін құраған болатын. Ал Усейн Болттікі 43 километр/сағат. Осыған дейін біз сіздерге әлемдегі ең жылдам футболшылардың тізімін жариялаған едік. Гарет Бэйл ол тізімде 3-ші орыннан көрінген болатын.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport-xl.net

Ө. Сансызбай