Филиппо Индзаги "Миланның" тізгінін ұстауы мүмкін

Филиппо Индзаги "Миланның" тізгінін ұстауы мүмкін

Италия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Филиппо Индзаги «Милан» командасының бас бапкерлігіне келуі мүмкін. Қазіргі таңда қырықтың қырқасына шыққан италиялық аңыз футболшы "Миланның" жасөспірімдер командасын жаттықтырып келеді, деп хабарлайды Corriere dello Sport.

А сериясының төрт турының қорытындысы бойынша, миландық клуб 4 ұпаймен 12-орында тұр. Алдағы екі ойын «Миланның» бас бапкері Массимилиано Аллегриге соңғы ойын болуы әбден мүмкін.

Естеріңізге сала отырсақ, Филиппо Индзаги «Милан» сапында 2001 мен 2012 жылдар аралығында өнер көрсетіп, 202 ойында 73 гол соққан.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: corrieredellosport.it

Л. Лига