Жолдама жолындағы тартыс жалғасады

Жолдама жолындағы тартыс жалғасады

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайға жол тартты. Жақында ғана Азия чемпионатында v орын алған волейболшы қыздарымыз Әлем чемпионатына берілетін екі жолдаманың біріне таласып көретін болады.

Азия чемпионатында әлемдік сынға берілген екі жолдаманы Таиланд пен Жапония әйелдер құрамалары иеленген болатын. Бұл жолғы қос жолдамаға ҚытайҚазақстан, Оңтүстік Корея, Үндістан және Жаңа Зеландия қыздары таласады. Жарыстың басты фавориттері Қытай мен Корея әйелдер құрамалары екені анық. Жақында ғана аяқталған Азия чемпионатында Александр Гутор баптайтын Қазақстан құрамасын кәріс қыздары жеңіп, жартылай финалға жібермеген еді. Енді Қытайда есе қайтара ала ма екен?

Естеріңізге сала кететін болсақ, Қазақстан әйелдер құрамасы тұңғыш рет 2006 жылы әлемдік сынға қатысып, 21 орынға табан тіреген болатын.

 Кездесулер кестесі:

 28 қыркүйек

 Қазақстан  - Оңтүстік  Корея

 29 қыркүйек

 Қазақстан – Жаңа Зеландия

 30 қыркүйек

 Қазақстан – Қытай

 1 қазан

 Қазақстан - Үндістан

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosportkz.kz 

Ө. Сансызбай