Левандовски қаңтарда "Баварияға" ауысатынын растады

Жұлдыз FM Корреспондент
Левандовски қаңтарда "Баварияға" ауысатынын растады

Дортмундттық "Боруссия" клубының шабуылшысы Роберт Левандовски өзінің мюнхендік "Баварияға" ауысымы жайлы ақпаратты түсініктеме берді, деп хабарлайды неміс басылымдары. Польша құрамасының футболшысы мюнхендіктер сапына 2014 жылдың қаңтарында ауыспақ екен. 

БӨЛІСУ

"Иә, мен қаңтар айында "Баварияға" ауыса аламын деп ойлаймын. Және сол кезде клубпен келісімшартқа қол қоямын", - дейді Левандовски. 

Естеріңізге сала кетсек, Левандовски жазда "Баварияға" ауыспақ болған, бірақ дортмундтықтардың басшылығы ойыншының мақсатын жүзеге асыруына мүмкіндік бермеген еді. "Боруссия" жанкүйерлері сол кезде оны сатқын деп те сынаған болатын.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: sport-xl.net