Паралимпиадашыларымыз жүлделі оралды

Паралимпиадашыларымыз жүлделі оралды

Нидерландының Стадсканаал қаласында өткен бүкіләлемдік IWAS-2013 Паралимпиада ойындары қазақстандық спортшылар үшін табысты болды. Сынға түскен 16 спортшымыз 26 жүлдені қанжығаға байлап қайтты.

Спорттың үші түрінен бақ сынаған (нысана көздеу, жеңіл атлетика, суға жүзу) мүмкіндігі шектеулі спортшыларымыз 26 жүлде иеленіп, бұрын-соңды қол жеткізбеген биігін бағындырып отыр. 2013 жылғы арбаға таңылған және ампутант спортшылар додасына 35 елден 500-ге жуық спортшы қатысты.

Алтыннан алқа таққандар:

Михаил Еременко (50 метрге суға жүзу, 50 метрге еркін әдіспен жүзу, баттерфляй);

Равиль Мансұрбаев (диск лақтыру, ядро серпу);

Владимир Эрман (100 метрге еркін әдіспен жүзу);

Оксана Митякова (50 метрге суға жүзу, баттерфляй);

Зульфия Габидуллина (суға жүзу: 50,200 метрге еркін әдіспен жүзу, 150 метрге комплекс, 50 метрге брасс әдісімен жүзу).

Күміс жүлде:

Зульфия Габидуллина (50 метрге шалқалап жүзу);

Алина Михайлова (суға жүзу: 50, 100 метрге еркін әдіспен жүзу);

Руслан Өтебәлиев (50 метрге еркін әдіспен суға жүзу);

Дмитрий Ли (100 метрге еркін әдіспен жүзу);

Михаил Еременко (100 метрге шалқалап жүзу);

Ирина Тищенко (ядро серпу).

Қола жүлде:

Павел Сидорчук (ядро серпу);

Эллина Байделдинова (50 метрге еркін әдіспен суға жүзу);

Владимир Эрман (50 метрге еркін әдіспен суға жүзу);

Аманат Қалқаев (ұзындыққа секіру);

Павел Сидорчук (диск лақтыру);

Алина Михайлова (100 метрге еркін әдіспен жүзу).

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: alasharena.kz

Ө. Сансызбай