Жігітке жеті клуб та аз (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Жігітке жеті клуб та аз (видео)

Жеті клуб жейдесін киіп доп тепкен шабуылшы Златан Ибрагимович спорттық мансабын 2016 жылы «ПСЖ» сапында аяқтайтынын мәлімдеді.

БӨЛІСУ

Швеция ұлттық құрамасының шабуылшысы 24 қыркүйек күні ПСЖ-мен жаңа келісімшартқа қол қойды. Жаңа келісім бойынша, Ибрагимович париждік командада 2016 жылға дейін өнер көрсететін болды. Аталған уақытта футболшы 34 жаста болады екен.

"Мен бірінші осы клубқа келген күнімнен бастап, «ПСЖ» сапында спорттық мансабымды аяқтайтынымды сезіндім. Мен өте қуаныштымын, енді париждік командамен Еуропа футболының шыңдарын бағындарсам деймін", - дейді Ибрагимович өзінің twitter парақшасында.

"Пари Сен-Жирмен" менің спорттық мансабымдағы ерекше бірден-бір клуб. Мұнда мен 3 жылдан асық уақыт тер төктім. Команда маған сенім артады. Мен де командама сенім артамын. Енді Чемпиондар Лигасын «ПСЖ» командасымен жеңіп алсам деймін, бұл біздің қолымыздан келеді" - деді футболшы.

Златан Ибрагимович осыған дейін спорттық мансабында «Мальме», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона» мен «Милан» командаларының сапында өнер көрсеткен. ПСЖ-ға 2012 жылы ауысып келген болатын. Команда сапында 54 кездесу өткізіп, 37 рет қарсылас қақпасында доп тулатқан. Өткен маусымда Златан париждік командамен Франция чемпионы атағын жеңіп алды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rsport.ru