Нұрмахан қола жүлде қанжығалады!

Нұрмахан қола жүлде қанжығалады!

120 келі салмақта өнер көрсететін отандық грек-рим күрес шеберіміз Нұрмахан Тінәлиев Венгрия астанасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Үшінші орынға болған таласта қазақ балуаны венгр спортшысы Михал Дик-Бардошты 5:0 есебімен тізе бүктіріпті. Бір еске сала кететіні, Тінәлиев бірінші бөлікте осы есеппен өз пайдасына шешкен болса, екінші бөлікте өз басымдығын ұстап тұра алған. 

Нәтижесінде бұл қола жүлде Қазақстанның әлем чемпионатынан еншілеген екінші жүлдесі болып отыр. Ертеректе қола жүлдені  Екатерина Ларионова қанжығасына байлаған болатын (63 келі салмақта өнер көрсететін қызымыз). 

Қоса отырсақ, 25 жастағы күрес майталманы 2010 мен 2011 жылы өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері саналады. Сонымен қоса, Азиада-2010 жеңімпазы. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында қазақ туын желбіретіп шыққан еді.

Дайындаған: Фараиби Арыстанбек

Сурет: vesti.kz

Л. Лига