Жанкүйерін қорғаған бапкер (видео)

Жанкүйерін қорғаған бапкер (видео)

Португалияның "Бенфика" футбол командасының бас бапкері Жорже Жезуш алаңға шыққан жанкүйерін соққыға жыққан полиция өкілімен қақтығысып, ел футболында басы дауға қалып отыр. 

Португалия суперлигасының кеше аяқталған 5 тур ойынынан кейін "бүркіттер" қонақта "Витория Гимараештен" 0:1 есебімен басым түскен болатын. Кездесу соңынан қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын білдірмек болған қонақтарға қарай бірнеше жанкүйер алаңға шығып кеткен. Нәтижесінде бас бапкер көз алдында соққыға жығылған жанкүйеріне көмекке келіп, полиция өкілінің қолын бірнеше рет сілкіп, жанкүйерін босатуды талап еткен. 

Жорже Жезушке қарсы Португалия футбол қауымдастығы әзірге қандай жаза қолдануы белгісіз болып отыр. Егер сот арқылы шешіліп жатса, бас бапкер 3 ай мен 3 жыл аралығында жасыл алаң жиегінен шеттетілуі мүмкін. Ал Жорже Жезуштың мәлімдеуінше, атап айтарлықтай ештеңе болмады деп отыр. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport-xl.net

Ө. Сансызбай