Еуропа Лигасы. Жеңіп тұрып, жеңілдік (видео)

Еуропа Лигасы. Жеңіп тұрып, жеңілдік (видео)

Еуропа Лигасының топтық кезеңінде алғашқы кездесуін өткізген қарағандылық "Шахтер" сырт алаңда "ПАОК"-тен жеңіліс тапты. Кездесу тағдырын 91 минутта Званимир Букичтің голы шешті. 

Алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ кездесуді қолына бастады.  7 минутта Александр Мокин өз орнынан табылып, алғашқы соққыны да қайтарып үлгерді.  Виктор Кумыков шәкірттері қорғаныста жүріп шабуылдауды жөн көрумен ойнауда. 15 минутта бұрыштама добынан кейінгі соққыда тағы да Мокин шеберлігін танытты. 17 минутта «кеншілер» командасы қорғаушыларының қателігінен кейін қонақтар қақпасына бесінші соққы бағытталды. 19 минутта қазақстандық команда алғашқы қауіпті соққы бағыттады. Геворг Казарянның асырған пасын Сергей Хижниченко баспен бағыттап көрді. Алайда доп қақпадан биік кетті. 26 минутта Алдин Джидичтің соққысын қақпашы алып шықты.  36 минутта Андрей Порываев ойын ережесін бұзып, сары қағаз алды. Алаң иелерінің сапынан Камилин Стох жиі шабуылдарымен Александр Мокин қақпасын мазалаумен болуда. 39 минутта Геворг Казарянның орындауында қауіпті соққы орын алды.  Доп қақпа бағанын жанай өтті. Бұл кездесудегі қауіпті сәттердің бірі. Алғашқы таймның аяқталар тұсында алаң иелері шабуылын үдете түсті. Дегенмен қақпашы мен қорғаушылар сыр бермеді.

Екінші тайм қос команданың алма кезек доп алмасуымен басталды.  48 минутта алаң иелерінің қорғаушылары айып алаңында ойын ережесін бұзып, пенальти белгіленді. Рохер Каньяс кездесудегі есепті ашты. Есеп 0:1. 57 минутта «кеншілер» қақпасын қақпа бағаны құтқарып қалды. Араға тағы да бірнеше секунд сала доп тағы да қақпа бағанынан қайтты. Алайда бұған дейін футболшы ойыннан тыс қалған-ды. 66 минутта Алдин Джидич өзіне берілген тамаша мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. 70 минутта алаң иелері шабуылын үдете түсті. Сергей Малыйдың басына тиіп серпілген доп автоголға айналуға шақ қалды. 75 минутта бұрыштамадан көтерілген допты Стефанос Аттанасидис сәтті пайдаланып, есепті теңестірді. 88 минутта Андрей Порываев екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. 91 минутта алаңға жаңадан кірген Званимир Букич есепте «ПАОК»-ты алға шығарды. Осылайша Виктор Кумыков шәкірттері қолда тұрған жеңіс пен тең кездесуді соңғы минуттарда қолдан шығарып алды. 

"ПАОК" — "Шахтер"  2:1 (0:0)
Гол 
Каньяс  пенальти 50 (0:1), Атанасиадис 75 (1:1), Вукич 90 (2:1)
Ескертулер: Циолис 65 — Порываев 37, Казарян 52, Тарасов 79
Алаңнан қуылу: Порываев 87
"ПАОК": Хакобо, Цавеллас (Лино 65), Мигел Витор, Циолис, Стох, Лазэр (Салпингидис 58), Кацуранис, Кициу, Нинис (Вукич 85), Лукас, Атанасиадис
«Шахтер»: Мокин, Порываев, Тарасов, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко (Байжанов 81), Хижниченко (Зенькович 88)
Төреші: Фреди Фотрель (Франция)
 Салоники. «Тумба». 

Біздің топта өнер көрсететін командалар "Маккаби Хайфа" - "АЗ Алкмар" кездесуінде қонақтар жеңіске жетті. Нидерланды командасының сапында жеңіс голын соққан - Йохан Гудмундссон болды. 

"L" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.     ПАОК 1 1 0 0 2:1 3
2.     АЗ Алкмаар 1 1 0 0 1:0 3
3.     Шахтер Қарағанды  1 0 0 1 1:2 0
4.     Маккаби Хф   1 0 0 1 0:1 0

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kff.kz

Ө. Сансызбай