Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Еуропа Лигасы. Көп күттірген арман

Еуропа Лигасы. Көп күттірген арман

Еуропа Лигасы. Көп күттірген арман

Бүгін қарағандылық «Шахтер» командасы Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізеді. Қазақ футболынының тарихындағы айтулы күннің сәті де жетті.

Жүз жылдық тарихы бар қазақ футболының жаңа парағы ашылмақ. Көп күттірген арманның  шыңын Виктор Кумыков шәкірттері бағындырды. Бұл маусымда премьер-лигада қосалқы құраммен өнер көрсетіп жүрген «кеншілер» ұжымы негізгі күшін осы байрақты бәсекеге сақтап отыр. Енді Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін ұжымға Массагет.кз сәттілік тілейді!

Бүгін гректің «ПАОК» командасымен болатын кездесуде «Шахтер» «қызыл-сары» түсті жейдесімен алаңға шықса, алаң иелері алғаш рет ақ жейдемен өнер көрсеткелі отыр.


Виктор Кумыков, «Шахтер» командасының бас бапкері:

- Біз қарсыластарды құрметтейміз. Бүгінгі кездесуге 3 тактикалық ойын бойынша дайындалып келдік. «ПАОК» командасының осал тұсын байқай отырып, бірін жүзеге асырамыз. Сербтік қорғаушы Никола Василевичтің бүгінгі кездесуге шыға алмауы біз үшін өкінішті-ақ. Алайда біз жеңіс үшін бар күшімізді саламыз.


Хуб Стебенс, «ПАОК» командасының бас бапкері:

- «Шахтер» сауатты ойнай алатын команда. Дегенмен «Барселона» емес. Команда қорғаныста жүріп жылдам шабуылға шыға алады. «Селтикпен» болған екі кездесуін де қарап шықтым. Қорғаушылары бойшаң екен. Әсіресе стандартты жағдайдан сақтануымыз керек. Алайда біз тек жеңіс үшін ойнайтын боламыз.

«Шахтер» еурокубок жолында бес қорғаушымен ойнап келеді. Бүгін серб қорғаушысы Никола Василевичтің денсаулығына байланысты алаңға шыға алмауы командаға әсер етуі әбден мүмкін. Енді қорғаушының орнын кім баспақ? Мүмкін Евгений Тарасов шығар. Бірақ бұл қорғаушы өткен турда «Ақтөбеге» қарсы кездесуде көптеген қателіктер жіберді. Бәлкім «кеншілер» ұжымы 4 қорғаушымен алаңға шығып, Роман Мұртазаевтың негізгі құрамда ойнауы да ғажап емес.


Қарағандылық команданың шабуылшысы Сергей Хижниченко бүгін ерекше үлгідегі шаш үлгісімен өнер көрсетпек. Бұл шаш үлгісін ол интернет арқылы Египет құрамасының шабуылшысы Мохаммед Зиданның суретінен көрген екен.

Көптеген букмекерлік орталықтар алаң иелерін бұл кездесуде фаворит санауда. «ПАОК»-тың жеңісіне – 1,35 коэффицент, тең ойынға – 4,75 коэффицент, ал «Шахтердың»  жеңісіне – 10 коэффицент беріп отыр. 

ПАОК: қақпашы— Хакобо, қорғаушылар — Георгиос Цавелас, Мигел Витор, Костас Кацуранис, Стелиос Кициу, жартылай қорғаушылар — Мирослав Стох, Александрос Циолис, Сотирис Нинис, Лукас Перес, шабуылшылар — Стефанос Атанасиадис, Димитрис Салпингидис.

«Шахтер»: қақпашы -Александр Мокин, қорғаушылар — Андрей Порываев, Евгений Тарасов, Алдин Джидич, Сергей Малый, Александар Симчевич, жартылай қорғаушылар— Геворг Казарян, Рохер Каньяс, Гедиминас Вичюс, Андрей Финонченко, шабуылшы — Сергей Хижниченко.

Кездесу Астана уақытымен сағат 01:05-те басталады. Салониктегі «Тумба» стадионында жанкүйерсіз өтетін кездесуді «КТК» және «НТВ Плюс баскетбол» арналарынан тамашалай аласыздар.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, vesti.kz, sports.ru

1446 11
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 19 қыркүйек 2013, 17:06
Пікірлер
+0
19 қыркүйек 2013, 16:48

көптен күткен ұлы той

+0
19 қыркүйек 2013, 16:56

Сенемiн ғой!

+0
19 қыркүйек 2013, 17:00

Жігіттерге сәттілік!

+0
19 қыркүйек 2013, 17:17

Зиданның шашына риза болдым!

+0
19 қыркүйек 2013, 18:16

Хуб мощьный тренер. Кезінде Шалькемен Германия кубогын, УЕФА кубогын жеңіп алған.

+0
19 қыркүйек 2013, 18:17

КТКдан қараймызғо енді. Жігіттерге сәттілік! Алға Қазақстан!

+0
19 қыркүйек 2013, 19:31

Ия, жігіттерге сәттілік!

+0
19 қыркүйек 2013, 19:37

Алға!!! ;)

+0
19 қыркүйек 2013, 20:24

Негізінде кім мықты Шахтер немесе ПАОК :roll:

+0
19 қыркүйек 2013, 21:26

Ал, сәттілік!

+0
20 қыркүйек 2013, 00:57

Ап пісміллә! Аллам жар болсын жігіттерімізге!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...