Жасөспірімдер мен қыздар арасында үшінші Еуразия спорттық ойындары басталды

Жасөспірімдер мен қыздар арасында үшінші Еуразия спорттық ойындары басталды

Бүгін Алматыда жасөспірімдер мен қыздар арасында үшінші Еуразия спорттық ойындары басталды. Спорттың 13 түрінен өтетін аламан 20 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразиялық спорттық ойындарына қатысушылар спорттың 13 түрiнен сынға түсiп, 232 медаль жиынтығын сарапқа салады. Жарысқа Ресейден 288, Қырғызстаннан 175, Беларуссиядан 100, Тәжiкстаннан 160, Қазақстаннан 297 спортшы қатысады. Жалпы сайысқа 1000-нан астам адам қатысады. Оның 700-і спортшылар болса, 400-і төрешілер.

Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразиялық спорттық ойындарындағы сайыстар Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, «Достық» спорт кешенi, «Темiр Дос» спорт залы, «Бағанашыл» спорт кешенi секiлдi бiрнеше спорт нысандарында өтедi.

  Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай