Жасөспірімдер Киевтен олжалы оралды

О Сансызбай Корреспондент
Жасөспірімдер Киевтен олжалы оралды

Украинаның Киев қаласында бокстан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті. 7-15 қыркүйек аралығында болған додада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте ІІІ орыннан көрінді.

БӨЛІСУ

Он үш салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жарыс қорытындысында 2 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль иеленіп қайтты. Жалпыкомандалық есепте Ресей мен Куба жасөспірімдер құрамасын алға жіберіп, ІІІ орынға тұрақтады. Атап айтсақ, Абылайхан Жүсіпов (57 кг) ресейлік Гесеин Магомедовты, Рахат Маржықпаев әзірбайжандық Ровшан Мусаевты ұтып, Әлем чемпионы атанды. Ал ақтық сында тек жарыс қожайыны Рамил Гаджиевке есе жіберген Қадырбек Сәдірбек (70 кг) күміс жүлдені қанағат тұтса, жартылай финалда Дмитрий Зиско (+80 кг) ресейлік Рустам Ибрайхалиевке, Бауыржан Темірхан (52 кг) мен Серік Теміржанов (48 кг), американдық Шакур Стевенсон мен Даниел Гонзалезке, Стоян Мазур (50 кг) мен Әлімжан Бескемпір (46 кг), кубалық Майкел Барреро мен Жохнис Перезке ұтылып, қола жүлделерді олжалап қайтты. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.akipress.org