Қазақстан ФИФА рейтингінде 17 саты жоғарылады

Қазақстан ФИФА рейтингінде 17 саты жоғарылады

Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстан ұлттық құрамасы 17 саты жоғарылап, 132-ші орынға табан тіреді.

Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде өзгерістер орын алды. Испания ұлттық құрамасы тізгінді өз қолында ұстап қалса, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы екінші орынға көтерілді. Уругвай құрамасы 5 саты көтеріліп 7 орынға жайғасса, Бельгия құрамасы 4 саты жоғарылап, 6 орынға көтерілді. Есесіне Нидерланды мен Португалия ұлттық құрамалары төменгі орындарға сырғыды.

Ең төменгі нәтижені Суринам ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар 35 саты төмендеп, 135-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Гамбия құрамасы еншіледі. Олар бірден 27 саты жоғарылап, 136-шы орынға табан тіреген. Сонымен қатар Солтүстік Ирландия, Бенин, Қазақстан және Люксембург ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтеріліп отыр.

Мирослав Беранек шәкірттерінің тамызда өткізген Грузияға қарсы жолдастық кездесуі мен Әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Фарер аралдарынан басым түсуі, және Швецияға қарсы кездесуде нәтижелі ойын өрнегін көрсетуі команданың қоржындағы ұпай қорын молайта түсті. Естеріңізге сала кететін болсақ, тамыз айында Қазақстан ұлттық құрамасы 149-шы орында тұрған еді.

ФИФА рейтингі. Ұлттық құрамалар тізімі:

1 (1). Испания — 1514 ,
2 (4). Аргентина — 1263,
3 (2). Германия — 1261,
4 (6). Италия — 1199,
5 (3). Колумбия — 1180,
6 (10). Бельгия — 1159,
7 (12). Уругвай — 1126,
8 (9). Бразилия — 1067,
9 (5). Нидерланды — 1058,
10 (8). Хорватия — 1051,
22 (30). Швеция — 836,
26 (28). Украина — 799,
47 (55). Австрия — 639,
55 (66). Армения — 592,
57 (59). Өзбекстан — 579,
59 (44). Ирланди
я — 570,
80 (73). Беларус
сия — 458,
88 (85). Эстония — 369,
97 (97). Грузия — 364,
107 (115). Әзірбайжан — 315,
112 (106). Литва — 299,
115 (119). Латвия — 288,
117 (114). Тәжікстан — 281,
125 (125). Түркменстан — 254,
129 (123). Молдова — 237,
132 (149). ҚАЗАҚСТАН — 227,
144 (135). Қырғызстан — 186,
182 (175). Фарер — 52.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosportkz.kz

Ө. Сансызбай