Икер Касильяс "Спорт директоры" атанды

Ла Лига Корреспондент
Икер Касильяс "Спорт директоры" атанды

Испания құрамасының ойыншылары Икер Касильяс, Альваро Арбелоа, Серхио Рамос және Рауль Альбиоль мамандандырылған спорт директорының дипломын алды. 

БӨЛІСУ

Өткен жылы төртеуі бір жылдық оқу оқып, Испания футбол федерациясының кеңсесінде практикадан өткен болатын. Араға бір жылды салып барып, өз дипломдарын алып отыр екен. 

Енді төртеуі де «Реалда» немесе өзге клубтарда спорт директоры қызметін атқара алады. 

"Алдарыңызда, болашақ спорт директорлары. Ендігі Бейлді біз жазамыз",- деп Арбелоа Twitter-де әзілдей кетіпті.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет:sports.ru