"Бавария" - Еуропаның ең үздік командасы

Ла Лига Корреспондент
"Бавария" -  Еуропаның ең үздік командасы

Футбол клубтарының еуропалық қауымдастығы өткен маусымның басты жүлделерін табыстады, деп хабарлайды Bundesliga.com.

БӨЛІСУ

Еуропаның ең үздік командасы болып мюнхендік "Бавария" танылды. Чемпиондар Лигасын, ішкі біріншілікті, Германия кубогін қоса жеңіп алған алпауыт команда көш басында тұр. 

Чемпиондар Лигасында керемет өнер көрсетіп, кәрі құрлықтың ең ірі додасының финалдық бөлігіне дейін барған дортмундық "Боруссияға" "Жыл прогресі" сыйлығы табысталды. 

Естеріңізде болса, жаңа маусымда қос клуб Германия суперкубогі жолында кездесу өткізген-ді. "Боруссия" 4:2 есебімен басым түскен болатын. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: liquida.it