Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстан - Швеция. Ойын алдында...

Қазақстан - Швеция. Ойын алдында...

Қазақстан - Швеция. Ойын алдында...

Бүгін футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Швеция құрамасымен кездеседі. Ал Қазақстан U-21 жастар құрамасы сырт алаңда Исландия жастарымен кездеседі.

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің «С» тобында өнер көрсетіп келе жатқан Мирослав Беранек баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасының еншісінде 7 кездесуден кейін 4 ұпай бар. Мұндай нәтижемен «мундиальға» жолдама ала алмасымыз белгілі. Ал швед жігіттерінде Әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігі мол. Бүгінгі кездесуде Эрик Хамрен жігіттеріне 3 ұпай ауадай қажет.Сондықтан Златан Ибрагимович бастаған жігіттер барын салары сөзсіз. Топта екінші орында келе жатқан Швеция құрамасын «ПСЖ» шабуылшысы алғашқы минуттардан-ақ бастап шықпақ.

Осыған дейін Қазақстан мен Швеция құрамалары бір рет қана кездескен болатын. Ол осы «С» тобындағы іріктеу кезеңінің аясындағы алғашқы кездесу. 2012 жылы Мальмеде өткен кездесуде жерлестеріміз қарсыластарынан екі доп айырмасымен жеңіліп қалған болатын.

Эрик Хамрен, Швеция құрамасының бас бапкері:

-  Біз бүгін қалай ойнауды білеміз. Біздің өзіміздің ойын тактикамыз бен алға қойған мақсатымыз бар. Қарсыластарды өте жақсы сыйлаймыз. Бір жыл бұрын Мальмеде өткен кездесу қиын болды. Бүгін де оңай соқпасы анық. Алайда стандартты жағдайларды сәтті пайдаланып, бірінші нөмірмен өнер көрсетуге дайынбыз деп ойлаймын.

Мирослав Беранек, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

- Швеция өз кезегінде бірінші нөмірмен ойнауға тырысатын команда. Олардың сапында әлемнің үздік футболшыларының бірі Златан Ибрагимович ойнайды. Алайда біз бүгін шабуылшыны өз айпы алаңымызға өткізбеуге тырысамыз. Швеция командасы өткен жылғы құрамымен салыстырғанда биыл әлдеқайда азулы. Бірақ бүгін шәкірттерім барын салатын болады. Сүйікті командасына қолдау көрсету үшін жанкүйерлерді кездесуді тамашалауға шақырамын.

Көптеген букмекерлік кеңселер Швеция құрамасының жеңіске жететініне сеніммен қарауда. Қазақстанның жеңісіне – 10,5 коэффицент, тең ойынға – 5,25 коэффицент, ал Швеция құрамасының  жеңісіне – 1,27 коэффицент беріп отыр. 

Командалар құрамы төмендегідей:

Қазақстан: Андрей Сидельников - Юрий Логвиненко, Александр Киров, Виктор Дмитренко, Марк Гурман - Қайрат Нұрдаулетов, Мақсат Байжанов, Генрих Шмидтгаль - Сергей Остапенко, Марат Хайрулин, Бауыржан Жолшиев.


Швеция: Андреас Исакссон - Юнас Ульссон, Пер Нильссон, Микаэль Лустиг, Мартин Олссон - Андерс Свенссон, Эркан Зенгин, Себастьян Ларссон, Оскар Хильемарк - Златан Ибрагимович, Юхан Эльмандер.

Сонымен қатар бүгін Қазақстан U-21 жастар құрамасы 2015 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Исландия U-21 жастарымен кездеседі. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Қазақстан мен Швеция арасындағы арасындағы кездесу «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ойынды Астана уақытымен сағат 22:00-де «Хабар» және «KazSport» арналарынан тамашалай аласыздар.

Бүгін біздің құрамамен бір топта өнер көрстетін командалар да жарыс жолына шығады. Немістер сырт алаңда Фарер аралдары футболшыларымен кездессе, Ирландия құрамасы қонақта Австриямен үш ұпайды сарапқа салады. Ал өзге топтардағы кездесулерге көз жүгіртсек:

"А" тобы:

Македония - Шотландия

Уэльс - Сербия

"В" тобы:

Италия - Чехия

Армения - Дания

Мальта - Болгария

"D" тобы:

Румыния - Түркия

Андорра - Голландия

Венгрия - Эстония

"Е" тобы:

Норвегия - Швейцария

Исландия - Албания

Кипр - Словения

"F" тобы:

Ресей - Израиль

Люксембург - Солтүстік Ирландия

"G" тобы:

Грекия - Латвия

Словакия - Босния

Литва - Лихтенштейн

"Н" тобы:

Украина - Англия

Сан-Марино - Польша

"І" тобы:

Беларуссия - Франция

Грузия - Финляндия

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz; fifa.com

281 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 10 қыркүйек 2013, 13:30
Пікірлер
+0
10 қыркүйек 2013, 14:12

Беранек в отставку!!!! :twisted:

+0
10 қыркүйек 2013, 14:38

Кетеді, кету үшін келген-ді :lol:

+0
10 қыркүйек 2013, 15:13

Ареке, Беранектің орнына кімді ұсынар едің? мысалы мен, Вадим Абрамов дегенді! :!:

+0
10 қыркүйек 2013, 17:48

келісем

+0
10 қыркүйек 2013, 15:16

Вадим Абрамов может возглавить сборную Казахстана. http://www.12news.uz/news/2013/07/19/%D0%B2%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BC-%D0%B0%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%BE%D0%B2-%D0%BC%D0%BE%D0%B6%D0%B5%D1%82-%D0%B2%D0%BE%D0%B7%D0%B3%D0%BB%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D1%82%D1%8C-%D1%81%D0%B1%D0%BE%D1%80%D0%BD/

+0
10 қыркүйек 2013, 16:39

Стадионға адам кіргізбеңдер Қазақстанның, Волна жасамаңдар (Тұрсынбек :D )

+0
10 қыркүйек 2013, 23:16

Жеңіледі

+0
10 қыркүйек 2013, 23:23

0-1

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев