Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстан Фарер аралдарынан басым түсті (видео)

Қазақстан Фарер аралдарынан басым түсті (видео)

Қазақстан Фарер аралдарынан басым түсті (видео)

Футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің аясында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Фарер аралдарының құрамасын жеңді

Төреші ысқырығы шалынысымен қонақтар шабуылда ойнайтынын дәлелдеуге кіріскендей сыңай танытты. 13 минутта «Тобыл» командасының капитаны Нұрбол Жұмасқалиев өзіне берілген жүз пайыздық мүмкіндікті пайдалана алмады. Есесіне араға 10 минут сала қарсылас капитаны Фроди Бенджаминсен есеп ашты. Қорғаушылар қателігі сәтті пайдаланған Фарер аралдары футболшылары алғашқы мүмкіндіктерін мүлт жібермеді. Сергей Хижниченко бірнеше қауіпті соққылар бағыттап көрген. Алайда қарсыластар қақпашысынан айласын асыра алмады. Доп ұстау басымдығын ұлттық құрама өз пайдасында ұстағанымен қарсылас қақпасына қауіпті шабуылдар ұйымдыруға дәрменсіздік танытумен алғашқы тайм аяқталды.

Екінші таймда Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойыншы алмасты. Алғашқы таймда өнер көрсеткен Алексей Щеткиннің орнына Андрей Финонченко кірді. 48 минутта қонақтар өз айып алаңында ойын ережесін бұзды. Сан-Маринолық төреші Фарер қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын Қайрат Нұрдәулетов сәтті орындап, есепті теңестірді. 54 минутта Юрий Логвиненко қонақтардың қауіпті шабуылының бетін қайтарды. 64 минутта Сергей Хижниченконың асырған пасын екінші таймда алаңға шыққан Андрей Финонченко сәтті пайдаланып ұлттық құраманы алға шығарды. 84 минутта Андрей Финонченко мен Сергей Хижниченко жұбы қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда қонақтар қорғаушылары қырағылық таныта білді. Соңғы минуттарда қонақтар есепті теңестіруге тырысып бақты. Алайда Қазақстан ұлттық құрамасы қорғанысы сыр бермей, есепті сақтап қалды. Бұл Қазақстанның Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісі. Жеңіс құтты болсын!

"С" тобының іріктеу кезеңі кестесі:

ОрынКомандаОЖТЖГолдар±Ұпай
1 Германия Германия 6 5 1 0 22  7 +15 16
2 Австрия Австрия 6 3 2 1 15  5 +10 11
3 Швеция Швеция 6 3 2 1 11  7 +4 11
4 Ирландия Ирландия 6 3 2 1 12  10 +2 11
5 Казахстан Қазақстан 7 1 1 5 4  16 −12 4
6 Фарерские острова Фарер аралдары 7 0 0 7 3  22 −19

0

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: archive.sportinfo.kz

11
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 06 қыркүйек 2013, 21:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.