Бүгін Қазақстан Фарер аралдарымен кездеседі

Бүгін Қазақстан Фарер аралдарымен кездеседі

Бүгін футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының іріктеуі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарының құрамасымен кездеседі. «Астана-Аренада» өтетін кездесу бас бапкер Мирослав Беранектің тағдырын шешпек.

Қазақстан ұлттық құрамасы осыған дейін Фарер аралдарының футболшыларымен екі рет кездескен болатын. Сол екі кездесу де қонақтардың пайдасына шешілген-ді. Алайда арада он жыл өтті. Қазіргі Қазақстан құрамасы мен он жыл бұрынғы құраманы салыстыруға келмейді. Фареры аралдарының да. Соңғы жолдастық кездесуінде Грузия құрамасын жеңген жерлестеріміз алаңға желпініп шығар деген ойдамыз. Ал бұл кездесу бас бапкер Мирослав Беранектің тағдырын шешпек. Өйткені «С» тобында өнер көрсетіп келе жатқан ұлттық құрамамызда жалғыз ғана ұпай бар. Ал Фарер аралдарының ФИФА рейтингінде 175 орында тұрғанын ескеретін болсақ, жерлестеріміздің үш ұпайды қоржынға салуы біз күтпеген сенсация бола қоймас. Қазіргі таңның өзінде көптеген букмекерлік орталықтар жерлестеріміздің жеңіске жететініне сеніммен қарауда. Қазақстанның жеңісіне – 1,38 коэффицент, тең ойынға – 4,25 коэффицент, ал Фарер аралдарының жеңісіне – 8,7 коэффицент беріп отыр. 

Мирослав Беранек, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері: «Біз үшін ең маңызды кездесу»


Ларс Ольсен, Фарер аралдары құрамасының бас бапкері: «Басты мақсат – ұпай алып қайту»

Қазақстан мен Фарер аралдары арасындағы кездесу Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Ойынды «KazSport» және «Қазақстан» арналарынан тамашалай аласыздар. 

Бүгін біздің құрамамен бір топта өнер көрстетін командалар да жарыс жолына шығады. Немістер өз алаңында Австрия футболшыларымен кездессе, Швеция құрамасы қонақта Ирландиямен үш ұпайды сарапқа салады. Ал өзге топтардағы кездесулерге көз жүгіртсек:

"A" тобы:

23:00 Македония - Уэльс

00:45 Сербия - Хорватия

01:00 Шотландия - Бельгия

"B" тобы:

22:00 Чехия - Армения

00:00 Мальта - Дания

00:45 Италия - Болгария

"D" тобы:

00:00 Румыния - Венгрия

00:00 Турция - Андорра

00:30 Эстония - Нидерланды

"E" тобы:

23:00 Норвегия - Кипр

00:30 Словения - Албания

00:30 Швейцария - Исландия

"F" тобы:

20:30 Ресей - Люксембург

00:45 Северная Ирландия - Португалия

"G" тобы: 

00:10 Латвия - Литва

00:15 Босния және Герцеговина - Словакия

00:45 Лихтенштейн - Греция

"H" тобы:

00:00 Украина - Сан-Марино

00:45 Польша - Черногория

01:00 Англия - Молдова

"I" тобы:

00:15 Грузия - Франция

00:30 Финляндия - Испания

(Кездесулер Астана уақытымен)

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: мұрағаттан

Ө. Сансызбай