Ел кубогының жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
Ел кубогының жеребесі тартылды

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалында өнер көрсететін командалардың жеребесі тартылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры Олжас Абраев өзінің twitter парақшасында мәлімдеді.

БӨЛІСУ

Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан Талғат Байсуфинов баптайтын «Ертіс» командасы «Шахтермен» финал жолында тартыс жүргізсе, Арно Пайперс баптайтын «Тараз» футбол ұжымы «Ақтөбемен» кездеседі.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 1/4 финалда қос кездесу нәтижесі бойынша Владимир Никитенко шәкірттері «Ордабасыны» (3:1), «Шахтер» өткен жылғы кубок жеңімпазы «Астананы» (2:1) жарыс жолынан шығарған-ды. Ал керекулік «Ертіс» «Тобылдан» екі кездесу нәтижесі бойынша 2:1 есебімен басым түскен болатын. Бұл маусымдағы Арно Пайперс баптайтын «Тараз» ұжымы кубок жолындағы тартыста барын салары даусыз. Өйткені команданың бұл жүлдеден өзге атаққа қол созар мүмкіндігі жоқ.

Жартылай финалдағы алғашқы кездесулер қыркүйек айының 25-ші жұлдызында болса, қарымта кездесулер 30 қазанда өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: twitter.com