"Барса" Дани Алвеске жаңа келісім ұсынбайды

"Барса" Дани Алвеске жаңа келісім ұсынбайды

"Барселона" басшылығы 30 жастағы қорғаушы Дани Алвеске жаңа келісім ұсынбақ емес, деп хабар таратуда sport.es.

Каталондықтар бір маусымнан соң ойыншымен қоштасуға дайын. "Барселонамен" арадағы келісімі 2015 жылдың жазында бітеді екен. 

Жазғы маусым аралықта бразилиялық футболшыға француздың "ПСЖ" командасы көп қызығушылық танытып келген-ді. Алайда каталондық басшылық аталған ойыншыны сатудан бас тартып еді.

Осы маусымда Дани Алвес Испан чемпионатында 3 ойын өткізіп, бір гол соғыпты. 

ФИФА қауымдастығы өткен маусымда жылдың символикалық төрт орнына талас қылатын қорғаушылардың тізімін шығарып, арнаулы тізім қатарына  Дани Алвесті қосқан болатын.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: football-craze.com 

Л. Лига