Неймар «Реалдың» өкініші ме?

Неймар «Реалдың» өкініші ме?

«Барселона» командасына осы жазда ауысып келген шабуылшы Неймар 2006 жылы мадридтік «Реалмен» келісім-шартқа отырмақ болған екен. Алайда соңынан "Реал" басшылығы бұл қадамынан бас тартқан екен.

Бразилиялық футболшы 2006 жылы «корольдік клубтың» Вальдебебаседегі жаттығу алаңында екі апта болып, өз шеберлігін шыңдаған көрінеді. Осыдан кейін барып «Реал» басшылығы футболшымен толық көлемді келісім-шартқа отырмақ болыпты. 30 наурыз күні Испания футбол федерациясы Неймарды мадридтік команданың мүшесі деп танитын құжатты әзірлеп те үлгеріпті. Алайда соңынан «Реал» басшылығы 14 жастағы футболшыға 60 мың еуро төлеуді дұрыс деп таппай, келісім-шартқа отырудан бас тартқан екен. Мұндай көлемдегі бағаны футболшының агенті Вагнер Рибейро талап еткен.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Неймар осы жазда каталондық «Барселона» сапын толықтырып, құны 57 миллион еуроны құраған-ды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.bigmir.net

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен