Жанкүйерлер "Реалдың" құрамын анықтады (фото)

Жанкүйерлер "Реалдың" құрамын анықтады (фото)

Marca тілшілері мадридтік «Реалдың» жаңа маусымға алаңға қояр ұтымды құрамын анықтады. Сауалнамаға 150 мыңға жуық футбол әуесқойлары ат салысыпты.

«Реалдың» үйлесімді құрамы төмендегідей: Икер Касильяс, Дани Карвахаль, Рафаэль Варан, Серхио Рамос, Марсело, Хаби Алонсо, Лука Модрич, Гарет Бэйл, Криштиану Роналду, Иско, Карим Бензема.

Сауалнамаға қатысушылар "корольдік клубтың" валийлік жаңа ойыншысы Гарет Бэйлды жартылай қорғаныстың оң жақ бөлігінде көргілері келеді. Команданың тактикалық орналасуы – 4-2-3-1.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: sport.news.am

Л. Лига