Қазақстан-Швеция: Ибрагимович иілгісі келмейді

Қазақстан-Швеция: Ибрагимович иілгісі келмейді

Футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының іріктеуі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы 10 қыркүйек күні Швециямен кездеседі. «Астана-Аренада» өтетін кездесуге швед жігіттерін Златан Ибрагимович бастап келеді деп күтілуде.

«С» тобында бақ сынап келе жатқан жерлестеріміздің еншісінде әзірге жалғыз ғана ұпай бар. Ал топты 16 ұпаймен Германия құрамасы бастап тұр. Ал Эрик Хамрен шәкірттері 11 ұпаймен үшінші орында келеді. Негізінен Аустрия, Швеция және Ирландия құрамаларының ұпайлары тең. Сондықтан да швед жігіттері Қазақстанға қарсы кездесуде барын салары сөзсіз.

Швеция құрамасының бас бапкері жариялаған құраманың тізімі:

Қақпашылар: Андреас Исакссон («Касымпаша», Турция), Кристоффер Нордфельдт («Херенвен», Голландия), Юхан Виланд («Копенгаген», Дания);

Қорғаушылар: Микаэль Антонссон («Болонья», Италия), Пьер Бенгтссон («Копенга ген», Дания), Расмус Бенгтссон («Твенте», Голландия), Андреас Гранквист («Дженоа», Италия), Адам Юханссон («Сиэтл Саундерс», АҚШ), Микаэль Лустиг («Селтик», Шотландия), Пер Нильссон («Нюрнберг», Германия), Юнас Ульссон («Вест Бромвич», Англия), Мартин Ульссон («Блэкберн Роверс», Англия);

Жартылай қорғаушылар: Джимми Дурмаз («Генчлербирлиги», Түркия), Альбин Экдаль («Кальяри», Италия), Александр Качаникли («Фулхэм», Англия), Себастиан Ларссон («Сандерленд», Англия), Андерс Свенссон («Эльфсборг», Швеция), Понтус Вернблум (ЦСКА, Ресей), Эркан Зенгин («Генчлербирлиги», Түркия);

Шабуылшылар: Юхан Эльмандер («Галатасарай», Түркия), Тобиас Хюсен («Гетеборг», Швеция), Златан Ибрагимович («Пари Сен-Жермен», Франция), Ола Тойвонен (ПСВ, Голландия).

Бас бапкер: Эрик Хамрен

"С" тобының іріктеу кезеңі кестесі:

ОрынКомандаОЖТЖГолдар±Ұпай
1 Германия Германия 6 5 1 0 22  7 +15 16
2 Австрия Австрия 6 3 2 1 15  5 +10 11
3 Швеция Швеция 6 3 2 1 11  7 +4 11
4 Ирландия Ирландия 6 3 2 1 12  10 +2 11
5 Казахстан Қазақстан 6 0 1 5 2  15 −13 1
6 Фарерские острова Фарер аралдары 6 0 0 6 2  20 −18 0

Осыған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек те Фарер аралдары мен Швецияға қарсы кездесуде алаңға шығатын футболшылардың тізімін жариялаған болатын. Қазақстан Швециямен кездесу алдында топтың аутсайдеры Фарер аралдарын 6 қыркүйек күні қабылдайтын болады. Бұл кездесуді «KazSport» және «Қазақстан» арналары назарларыңызға ұсынса, Эрик Хамрен шәкірттерімен болатын кездесуді «Хабар» және «Қазақстан» арналарынан тамашалай аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: russiasport.ru

Ө. Сансызбай