Трансферлік ауысым

Трансферлік ауысым

Кешегі күні жабылған трансферлік терезеде еуропалық алпауыттар ең мықты делінген ойыншыларға талас қылып көрді. Көрейік, кімнің  жолы болды екен? 

* * *

"Ливeрпуль" лондондық "Чeлсидің" жартылай қорғаушысы Виктoр Мoзeсті бір жылға жалға алды.

"Вeст Брoм" фрaнцуздық "Мaрсeльдің" жартылай қорғаушысы Мoргaн Aмaльфитaнo маусым біткенше жалға алды.

"Хетафе" "Бенфиканың" орталық қорғаушысы Лисандро Лопесатің бір жылға жалға алған. 

Мадридтік "Атлетико" "Сент-Этьенннен" жартылай қорғаушы Джошуа Гилавогидің ауысып барғанын айтуда. Трансфер құны — 8,5 миллион фунт стерлинг.

"Хаддерсфилдтің" қорғаушысы Джек Хант "Кристал Пэласқа" ауысып барды.  Премьер-Лиганың жаңа командасымен төрт жылдық келісімге қол жеткізген. Келісім құны - 2 миллион фунт стерлинг.

Сампдория Миланнан шабуылшы Андреа Петаньюді ендігі жылы 50 пайызға сатып алу құқымен (3 миллион еуроға) жалға алып отыр.

Франкфурттік "Айнтрахт" "Байердің" тәжірибелі жартылай қорғаушысы Транквилло Барнеттуді жалға алды.

"Анжи" "Ман Ситидің" қорғаушысы Абдул Разакты бір жылдық уақытқа жалға алды.

"Ганновердің" қорғаушысы Карим Хагги "Штуттгартпен" екі жылдық келісімге қол қойды.

"Бастия" "Фенербахчеден" Милош Красичті алдырды.

"Астон Вилла" "Лационың" ойыншысы Либор Козакты сатып алды.

"МЮ"-дің қорғаушысы Марник Вермейл нидерландық "Неймегеннің" сапына жалға ауысты.

"Рэдингтің" қорғаушысы Адриан Мариаппа "Кристал Пэласқа" ауысты.

"Аякс" "Хераклестің" шабуылшысы Лерин Дуартені үш миллион еуроға сатып алды. Жаңа ойыншы "Тоттенхэмге" кеткен Кристиан Эриксеннің орнын басады делініп отыр.


Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: livesport.ru

Л. Лига