Трансфер: ресми ақпарлар

Трансфер: ресми ақпарлар

Назарларыңызда:

Феллайнидің "МЮ"-ге барғаны расталды

Жартылай қорғаушы Маруан Феллайни "Эвертон" сапынан "Манчестер Юнайтедке" ауысып отыр, деп хабарлайды аталған клубтың ресми сайты. 

Хабарланып отырғандай, мерсисайдтық басшылықтың таратқан ақпарына сенсек, жартылай қорғаушы "МЮ" сапына 27,5 миллион фунт стерлингке ауысып барған. Белгиялық жігіт пен "қызыл сойқандар" арасындағы ішкі келісім жағы сөз етілмеуде. 

"Стандардтан" "Эвертонге" 2008 жылы ауысып барған жартылай қорғаушы 177 ойын өткізіп, 33 гол соққан екен.

Сонымен қатар, "Эвертон" "Вест Бромвичке" алты миллионға ауысып барған Виктор Аничебтің ауысым туралы ақпарды растап отыр. 

Осы тұста "Эвертонның" құрамын жартылай қорғаушы Джеймс Маккартидің де ("Уиганнан" 13 миллион фунт стерлигке сатып алынды) толықтыра кеткенін айта кетпеске болмайды.

«Палермоның» қақпашысы «Арсеналға» ауысты

Италияндық «Палермоның» қақпашысы Эмилиано Вивиано лондондық «Арсеналға» жалға барды. 

Жалға алу мерзімі бір маусымға келісілген деп, хабарлайды лондондық клубтың ресми сайты. 

Өткен маусымда Италия чемпионатында 27 жастағы қақпашы «Фиорентинада» (жалға берілген болатын) 32 ойын өткізген, алайда, «Фиорентина» басшылығы Вивианоның трансферін сатып алуға құлықсыз екендіктерін жеткізген көрінеді. 

Антонио Адан «Реалдан» кетті 

Мадридтік «Реал» қақпашы Антонио Аданмен арадағы келісімнің бұзылғанын жария қылды және бірлескен еңбек үшін алғыс білдірді. 

"Аданға кәсібилігі үшін, клубқа берілген сезімі үшін алғыс айтқымыз келеді. Сонымен қоса, болашақта жарқын жетістіктерге жетуіне тілектеспіз" - дейді "корольдік клуб" сайты. 

26 жастағы Адан «Реалдың» тәлімгері саналады. Мадридтік клубтың негізгі құрамында 2010 жылдың желтоқсанында іліккен. 

Мартин Демикелис - «Манчестер Сити» ойыншысы

Ағылшындық «Манчестер Сити» мадридтік «Атлетиконың» қорғаушысы Мартин Демикелистің ауысып барғанын ресми хабарлады.

32 жастағы аргентиналық ойыншы ағылшындық клубпен екі жылға келісімге отырған. Ішкі біріншіліктің күміс жүлдегері сапында аталған футболшы 26-нөмірде өнер көрсететін болады. 

Естеріңізде болса,  қорғаушы «Атлетикоға» 2013 жылдың маусымында «Малага» сапына ауысып барған еді. «Малаганың» қатарында жүріп (2011 жылдары) 84 ойында 7 доппен көзге түсе алыпты. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: sports.ru 

Л. Лига