Бэйл: "Менің арманым орындалды" (видео)

Бэйл: "Менің арманым орындалды" (видео)

Гарет Бэйл «Сантьяго Бернабеуде» салтанатты түрде танысу кешін өткізді. Алаңға жиналған жанкүйерлер жартылай қорғаушының «Реал» сапын толықтырғанына бек қуанышты.

«Тоттенхэм» командасынан ауысып келген Гарет Бэйл өткен маусымда ағылшын премьер-лигасының үздік футболшысы атанған болатын. Жартылай қорғаушының «корольдік клубта» медициналық тексеруден өткенін осыған дейін хабарлаған едік. Енді валийлік футболшының таныстыру кеші де сәтті аяқталды. Өз кезегінде Гарет Бэйл: 

- Мен бақыттымын, менің арманым орындалды! Мен "корольдік клубқа" оныншы рет Чемпиондар Лигасын жеңуіне өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Спорттық мансабымның үлкен дәуірі енді басталғандай. Аз-кем испан тілінде айтар болсам: Осылай жылы қарсы алғандарыңызға рақмет! Алға Мадрид! Үлкен рақмет!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: football24.ua

Ө. Сансызбай