Премьер-лига. "Ордабасы" мен "Ертістің" айқын басымдылығы (видео)

Премьер-лига. "Ордабасы"  мен "Ертістің" айқын басымдылығы (видео)

«Ертіс» - «Ақтөбе» 

Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне дейін жеткен, ел премьер-лигасының көшбасында келе жатқан «Ақтөбе» командасы да сырт алаңда «Ертістен» ойсырай ұтылды.

Керекулік команда алғашқы таймда-ақ ойын тағдырын шешіп тастады. 10 минутта өз айып алаңында қолмен ойнаған «Ақтөбе» командасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Бұл пенальтиді өзбекстандық легионер Ұлықбек Бақаев сәтті орындап, есеп ашты. Араға 5 минут сала Антон Чичулин есепті еселесе, 35 минутта Дмитрий Шомко таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді. 42 минутта Владислав Чернышев Андрей Сидельников қорғаған қақпаның төрінде төртінші допты тулатты.  Осылайша алғашқы таймда Талғат Байсуфинов шәкірттері қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп шықты.  Екінші таймда кездесудегі шабуылдар біршама төмендеді. Бұл да жергілікті команданың есепті сақтап қалу үшін қорғанысты басты назарда ұстау амалын жөн деп тапқанынан орын алса, ал «Ақтөбе» шабуылынан еш нәтиже шықпады.

Кездесудегі статистика:

Доп ұстау басымдығы: 41% — 59%
Қақпаға соққы: 15 — 12
Қақпаға дәл соққы: 6 — 4
Ереже бұзу: 20 — 14
Офсайдтар: 4 — 1
Бұрыштама: 5 — 5
Сары қағаз: 1 — 2
Ойыншы алмасу: 3 — 3.  

«Ордабасы» - «Шахтер» 

Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінің қарымта кездесуінен кейін «Шахтер» Қарағандыға бұрылмай, Шымкентке жол тартқан болатын. ХХV турда «кеншілер» ұжымы жергілікті командамен кездесетін-ді. Алғашқы минуттардан-ақ Виктор Кумыков шәкірттері доп ұстау басымдығын қолда ұстағанымен, кездесудің 9 минутында бұрыштама добын сәтті орындаған «Ордабасы» футболшылары есепті ашты. Қақпа торында допты баспен бағыттап тулатқан Мохаммед  Арури болды. Шымкентте ауа-райының ыстық болуы командалардың көсіліп ойнауына да аздап кедергі келтіргендей сәттер де болды. 25 минутта бас төреші Александр Гаузер футбошыларды аздап тынығып, су ішіп алуына мүмкіндік берді. Кездесу «кеншілер» ұжымының шабуылдарымен ұласқанымен, жергілікті команда қарымта шабуылда қонақтар қақпасына қауіп төндірумен болды. 45 минутқа қосымша қосылған сәтте Джидич Қайрат Әшірбековке қарсы ойын ережесін бұзғандай көрінген. Алайда бас төреші пенальти белгілемеді.

Екінші тайм басталысымен «Ордабасы» командасы шабуылдарын үдете түсті. Сондай сәттердің бірінде Азат Нұрғалиев Джидичті оңай алдап өтіп есепті еселеді. Екінші гол «кеншілер» командасының қақпасында тулағаннан соң, Виктор Кумыков алаңға тыңнан футболшылар шығаруды ұйғарды. Алайда араға тағы да бірнеше минут сала Азат Нұрғалиев екінші голын соғып, кездесуде дубль авторы атанды. Барлығы да «Шахтер» командасының қорғаушыларының қателігінен орын алды. Чемпиондар Лигасының кездесулерінен кейін Виктор Кумыков шәкірттері бой үйрете алмай жүргендей сыңай танытумен көрінді. 80 минутта жергілікті команданың капитаны Қайрат Әшірбековтың алыстаған бағыттаған соққысы есепті 4:0-ге жеткізді.

Ел чемпиондары мұндай қарсылықты «Ордабасы» тарапынынан күтпегендей. Бірақ, Виктор Пасулько шәкірттері барын салды. «Шахтердың» осал тұсын таба білді. Есеп 4-0. 

Кездесудегі статистика:

Доп ұстау басымдығы: 41% — 59%
Қақпаға соққы: 11 — 13
Қақпаға дәл соққы: 8 — 2
Ереже бұзу: 15 — 13
Офсайдтар: 2 — 5
Сары қағаз: 1 — 2
Бұрыштама добы: 3 — 2.  

Кеше өткен премьер-лиганың ХХV тур ойындарында "Қайрат" өз алаңында "Астанаға" 1:2 есебімен ұтылса, "Тобыл" сырт алаңда "Востокты", "Тараз" өз алаңында "Ақжайықты" үлкен есеп айырмасымен ұтқан болатын. 

Турнир кестесі:

Алғашқы алтылық                 Ойын   Жеңіс   Тең   Жеңіліс  Доп айырма Ұпай
1.   Астана 3 2 0 1 6:4 27
2.   Ақтөбе 3 1 0 2 3:6 27
3.   Шахтер  3 1 1 1 3:6 22
4.   Ордабасы 3 2 0 1 7:4 21
5.   Ертіс 3 1 1 1 6:4 21
6.   Қайрат 3 1 0 2 4:5 19
Екінші алтылық                  Ойын   Жеңіс   Тең   Жеңіліс  Доп айырма Ұпай
7.   Тобыл 3 3 0 0 9:1 22
8.   Тараз 3 2 1 0 6:1 16
9.   Атырау 3 0 2 1 3:5 16
10.   Восток 3 0 2 1 3:7 14
11.   Жетысу 3 0 1 2 0:4 12
12.   Ақжайық 3 0 2 1 4:7 9

 

Авторы: Ерғали Ердос

Сурет: vk.com,vesti.kz,sport.nur.kz 

Ө. Сансызбай