Еуромаусым. Месси хет-трик авторы атанды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Еуромаусым. Месси хет-трик авторы атанды  (видео)

Ла-Лига. «Валенсия» - «Барселона»

БӨЛІСУ

"Барселона" сырт алаңда "Валенсияны" жеңді. "Местальяда" өткен кездесудің 11-ші, 39-шы және 41-ші минуттарында каталондық команданың және әлемнің үздік футболшысы Лионель Месси үш гол соғып, хет-трик атанды. Алғашқы тайм аяқталар тұста Херардо Мартино шәкірттері босаңдық таныта бастады. Мұндай сәтті мүлт жібермейтін алаң иелері таблодағы көрсеткішті қысқарта білді. Ал төреші қосқан қосымша уақытта Эльдер Поштига дубль авторы атанып үлгерді. Екінші таймда қос ұжым да бір-біріне қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен қақпа кілтін таба алмады. 85 минутта Виктор Вальдес командасын үшінші голдан құтқарып қалды. Месси де өзіне берілген бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмады. Алғашқы таймдағы есепке екінші таймда өзгеріс енбей, кездесу аяқталды.

ІІІ турдан кейінгі Ла-Лигадағы турнир кестесі:

    Команда Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар + гол Ұпай
1.
 
Барселона
3 3 0 0
11:2
+9
9
2.
 
Атлетико М
3 3 0 0
10:2
+8
9
3.
Вильярреал
3 3 0 0
8:3
+5
9
4.
Реал
3 3 0 0
6:2
+4
9
5.
Атлетик Б
3 2 0 1
5:4
+1
6
6.
 
Эспаньол
3 1 2 0
5:3
+2
5
7.
Сельта
3 1 2 0
5:4
+1
5
8.
Реал Сосьедад
3 1 1 1
4:3
+1
4
9.
 
Гранада
3 1 1 1
3:3
0
4
10.
Леванте
3 1 1 1
2:8
-6
4
11.
Вальядолид
3 1 0 2
3:4
-1
3
12.
Валенсия
3 1 0 2
4:6
-2
3
13.
Райо Вальекано
3 1 0 2
4:7
-3
3
14.
Альмерия
3 0 2 1
6:7
-1
2
15.
Севилья
3 0 2 1
3:5
-2
2
16.
Эльче
3 0 2 1
3:6
-3
2
17.
Малага
3 0 1 2
2:4
-2
1
18.
Бетис
3 0 1 2
2:4
-2
1
19.
Хетафе
3 0 1 2
2:5
-3
1
20.
 
Осасуна
3 0 0 3
1:7
-6
0

Серия А. «Рома»  –  «Верона»


Италияның ішкі біріншілігі саналатын Серия А-ның екінші турында «Рома» өз алаңында «Веронаны» айқын басымдықпен ұтты.

Алғашқы таймда қос команда арасында есеп ашылмады. Тек бір-бірінің осал тұсы мен қателікке бой алдырар сәтін тосып жүргендей сыңай танытумен болды. 55 минутта алға ұмтылған Майкон қақпаға соққы бағыттады. Бразилиялық футболшының бағыттаған добы қорғаушылардың біріне тиіп, қақпа торынан табылды. Араға бірнеше минут сала қақпашы Рафаэлдың қателігін байқаған Миралем Пьянич есепті 2:0-ге жеткізді. 65 минутта Адем Ляжич кездесудегі есепке нүкте қойды. Осылайша римдік команда екінші турда да жеңіске жетті. 

"Милан" - "Кальяри"

"Милан" cапынан алғаш болып кездесудің 10 минутында Робинью есеп ашты. 31 минутта Мексес есепті ұлғайтты. Алайда араға 5 минут сала қонақтар есеп қысқартқанымен, екінші таймда Марио Балотелли мергендігімен танылып бұл маусымдағы Серияда А-да "Милан" алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Серия А-ның ІІ турдан кейінгі қорытындысы:

    Команда Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар + гол Ұпай
1.
 
Наполи
2 2 0 0
7:2
+5
6
2.
Интер
2 2 0 0
5:0
+5
6
3.
Рома
2 2 0 0
5:0
+5
6
4.
Фиорентина
2 2 0 0
7:3
+4
6
5.
Ювентус
2 2 0 0
5:1
+4
6
6.
Ливорно
2 1 0 1
4:3
+1
3
7.
Милан
2 1 0 1
4:3
+1
3
8.
Удинезе
2 1 0 1
4:3
+1
3
9.
Аталанта
2 1 0 1
3:2
+1
3
10.
Торино
2 1 0 1
2:2
0
3
11.
Кальяри
2 1 0 1
3:4
-1
3
12.
Лацио
2 1 0 1
3:5
-2
3
13.
Верона
2 1 0 1
2:4
-2
3
14.
Сампдория
2 0 1 1
2:3
-1
1
15.
Кьево
2 0 1 1
2:4
-2
1
16.
Парма
2 0 1 1
1:3
-2
1
17.
Болонья
2 0 1 1
2:5
-3
1
18.
Катания
2 0 0 2
1:5
-4
0
19.
Дженоа
2 0 0 2
2:7
-5
0
20.
Сассуоло
2 0 0 2
1:6
-5
0


 

Бундеслига. «Айнтрахт Ф – Боруссия Д»

Неміс бундеслигасының ІV турдағы соңғы кездесуін  «Боруссия Д» сырт алаңда «Айнтрахт Франкфуртке» қарсы өткізіп, Мхитарянның  екі гол соғуының арқасында жеңіске жетті.

Осы жазда дортмундтық «Боруссияның» сапын толықтырған, жақында ғана жарақатынан айығып команда сапына оралған Гейнрих Мхитарян кездесудегі есепті 10 минутта ашты. Алаң иелері 36 минутта есепті теңестіргенімен, екінші таймда армяндық  жартылай қорғаушы екінші голын соғып, жеңіске бастар жолды таба білді.

Бундеслиганың IV тур қорытындысы:

«Фрайбург» 1 – 1 «Бавария»

«Боруссия М» 4 – 1 «Вердер»

«Ганновер -96» 4 – 1 «Майнц»

«Вольфсбург» 2 -0 «Герта»

«Нюрнберг» 0 – 1 «Аугсбург»

«Гамбург» 4 – 0 «Айнтрахт Бр»

«Шальке 04» 2 – 0 «Байер»

«Штуттгарт»  6 – 2 «Хоффенхайм»

IV турдан кейінгі бундеслига кестесі:

    Команда Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар + голдар Ұпай
1.
 
Боруссия Д
4 4 0 0
9:2
+7
12
2.
Бавария
4 3 1 0
7:2
+5
10
3.
Байер
4 3 0 1
8:5
+3
9
4.
Ганновер-96
4 3 0 1
8:5
+3
9
5.
Майнц
4 3 0 1
8:7
+1
9
6.
Герта
4 2 1 1
9:5
+4
7
7.
Боруссия М
4 2 0 2
10:8
+2
6
8.
Вольфсбург
4 2 0 2
6:4
+2
6
9.
Вердер
4 2 0 2
3:5
-2
6
10.
Аугсбург
4 2 0 2
3:6
-3
6
11.
Хоффенхайм
4 1 2 1
12:12
0
5
12.
Гамбург
4 1 1 2
8:9
-1
4
13.
Шальке-04
4 1 1 2
6:9
-3
4
14.
Штутгарт
4 1 0 3
9:8
+1
3
15.
Айнтрахт Ф
4 1 0 3
4:9
-5
3
16.
Фрайбург
4 0 2 2
6:9
-3
2
17.
Нюрнберг
4 0 2 2
4:7
-3
2
18.
 
Айнтрахт Бр
4 0 0 4
1:9
-8
0

АПЛ. «Арсенал» - «Тоттенхэм»


Ағылшын премьер-лигасының ІІІ тур ойындары да өз мәресіне жетті. Соңғы кездесу лондондық дербилер арасында өрбіді. «Арсенал» өз алаңы «Эмирейтсте» «Тоттенхэмды» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы минуттардан алаң иелері басымдықты өз қолында ұстап қалуға ұмтылды. Бірнеше рет қонақтар қақпасын нысанаға алып көрді. Ал «Тоттенхэм» қарымта шабуылда өнер көрсетті. 23 минутта Тео Уолкоттың пасын сәтті пайдаланған Оливье Жиру кездесудегі есепті ашты. Екінші таймда қонақтар есепті теңестіруге талпынғанымен тас қорған «Арсенал» қамалы алынбады. Сонымен бір доп басымдығымен жеңіске жеткен Арсен Венгер шәкірттері турнир кестесінің 4-ші сатысына көтерілді. 

АПЛ. «Ливерпуль» - «Манчестер Юнайтед»


2013/2014 маусымды «Ливерпуль» командасы сәтті бастады. Алғашқы кездесуінде «Сток Ситиден», ІІ турда «Астон Вилладан» бір доп айырмасымен басым түскен болатын.  Сол екі кездесуде де Даниэль Старридж мергендігімен танылып, командасына жеңіс сыйлаған еді. Бұл жолы да «Челси» сапынан ауысып келген шабуылшының жалғыз голы «Ливерпульдың» жеңіске жетуіне жеткілікті болды. 

Ал «Суонси» қонақта «Вест Бромбичті» жеңіп, бұл маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Кездесуде Бенджамин Дэвис пен Пабло Хернандез еншілеріне бір-бір доптан жазды. Санаулы минуттардан соң басталатын «Арсенал» мен «Тоттенхэм» кездесуі ағылшын премьер-лигасының ІІІ турын қорытындылайды.

Кеше аяқталған ІІІ тур ойындарының нәтижелер төмендегідей:

«Манчестер Сити» 2 – 0 «Халл»

«Кардифф» 0 – 0 «Эвертон»

«Норвич»  1 – 0 «Саутгемптон»

«Вест Хэм» 0 – 1 «Сток Сити»

«Кристал Пэлас» 3 – 1 «Сандерленд»

ІІІ тур қорытындысы:

  Команда Ойын Жеңіс Тең  Жеңіліс Голдар  + голдар Ұпай
1.
Ливерпуль
3 3 0 0
3:0
+3
9
2.
Челси
3 2 1 0
4:1
+3
7
3.
Манчестер Сити
3 2 0 1
8:3
+5
6
4.
Арсенал
3 2 0 1
5:4
+1
6
5.
Сток Сити
3 2 0 1
3:2
+1
6
6.
Тоттенхэм
3 2 0 1
2:1
+1
6
7.
Манчестер Юн
3 1 1 1
4:2
+2
4
8.
Вест Хэм
3 1 1 1
2:1
+1
4
9.
Норвич Сити
3 1 1 1
3:3
0
4
10.
Саутгемптон
3 1 1 1
2:2
0
4
11.
 
Кардифф
3 1 1 1
3:4
-1
4
12.
Ньюкасл
3 1 1 1
1:4
-3
4
13.
Астон Вилла
3 1 0 2
4:4
0
3
14.
Кристал Пэлас
3 1 0 2
4:4
0
3
15.
Эвертон
3 0 3 0
2:2
0
3
16.
Суонси Сити
3 1 0 2
3:5
-2
3
17.
Фулхэм
3 1 0 2
2:4
-2
3
18.
Халл Сити
3 1 0 2
1:4
-3
3
19.
Сандерленд
3 0 1 2
2:5
-3
1
20.
Вест Бромвич
3 0 1 2
0:3
-3
1

Ла-Лига. «Реал» - «Атлетик»


«Сантьяго Бернабеуде» Бильбаоның «Атлетик» командасын қабылдаған «корольдік клуб» қарсыластарынан 3:1 есебімен басым түсіп, Ла-Лигадағы жеңісті жолын жалғады. Осыған дейін «Реал» севильялық «Бетис» және сырт алаңда «Гранададан» басым түскен болатын.

«Атлетикке» қарсы кездесудің 26 минутында Карим Бенземаның асырған пасына осы жазда «Реал» сапын толықтырған Иско бірінші жетіп, есеп ашты. Ал алғашқы таймның қосымша минуттарында Ди Марияның айып соққысынан асырған пасына Роналду бірінші болып жетіп, допты баспен қақпа торында тулатты. Бұл Роналдудың Ла-Лигадағы алғашқы голы. 73 минутта Қарим Бензема мен Иско жұбы тағы да белсенділік танытып есепті 3:0-ге жеткізді. Жалпы Иско бұл кездесуде дубль авторы атанса, Ла-Лигада 3 гол соғып Родри («Альмерия») және Коста Диегомен («Атлетико М») бірге мергендер көшін бастап отыр. 80 минутта қонақтар сапынан Ибаидың соққа голы кездесуді қорытындылады. ІV турда «Реал» сырт алаңда «Вильрреалмен» кездеседі. Вильрреалдық команда әзірге жеңіліссіз келеді.  Дәл осы ұжымды мамандар бұл маусымда сәтті өнер көрсетуі мүмкін деген пікірлер айтқан болатын. Расында да «Вильрреал» Ла-Лигаға орала сала ІІІ турда да жеңіске жетіп отыр.

Сонымен қатар кеше ІІІ турда кездесу өткізген командалардың нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз:

«Альмерия» 2 – 2 «Зльче»

«Райо Вальекано» 1 - 2 «Леванте»

«Сельта» 1 - 1 «Гранада»

«Вальядолид» 1 – 0 «Хетафе»

«Осасуна» 0 – 3 «Вильрреал»

Авторы: Өмірбек Сансызбай

Сурет: merengues.ru,prognozist.ru,allsport-news.com,vk.com, eurosport.com

Кестелер soccer.ru сайтынан алынды