Түрік командалары жарыстан шеттетілді

Түрік командалары жарыстан шеттетілді

Еурокубок жолында осыған дейін түріктің «Фенербахче» командасы жарыстан шеттетілсе, жаңа ғана УЕФА шешімімен «Бешикташ» футбол ұжымы да өз орнын норвегиялық «Тромсеге» босатты.

Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне дейін жетіп, украиналық «Динамодан» айласын асыра алмаған Владимир Никитенко шәкірттері түрік клубының жолын жалғастыруы мүмкін деген үміт бар-ды. Алайда жаңа ғана УЕФА «Фенербахченің» орнына Кипрдың «Апоэль» командасы жарыс жолын жалғастыратынын мәлімдеді. Ал норвегиялық «Тромсе» тағы да бір түркиялық команда «Бешикташтың» орнына жайғасты. Жалпы түрік командаларының басына қара бұлт үйірген жағдай - келісімді кездесулер өткізуі болып отыр. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: aa.com.tr