Рибери - Еуропаның үздік футболшысы

Рибери - Еуропаның үздік футболшысы

Жаңа ғана Монакода аяқталған Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жеребе тастау рәсімінен кейін 2012/2013 маусымдағы Еуропаның үздік футболшысы атағына қол жеткізген футболшының есімі белгілі болды. Бұл атақты "Бавария" командасының жартылай қорғаушысы Франк Рибери иеленді.

6 тамыз күні Еуропаның үздік футболшысына үміткер үш футболшының есімі белгілі болған-ды. Олар: Криштиану Роналду ("Реал Мадрид"), Лионель Месси ("Барселона") және Франк Рибери ("Бавария") болатын. Нәтижесінде УЕФА құрамына кіретін 53 спорт тілшілерінің дауыс беру нәтижесінде Франк Рибери қарсыластарынан озып шығып, Еуропаның үздік футболшысы атанып отыр.

Естеріңізде болса, Еуропаның үздік футболшысы жүлдесі 2011 жылы бастау алған болатын. Сол жылы бұл атақты Лионель Месси иеленсе, 2012 жылы оның командаласы Андреас Иньеста жеңіп алған-ды. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай