Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Еуропа лигасы. «Динамо» - «Ақтөбе»

Еуропа лигасы. «Динамо» - «Ақтөбе»

Еуропа лигасы. «Динамо» - «Ақтөбе»

Бүгін Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі аясында «Ақтөбе» сырт алаңда Украинаның «Динамо» командасымен қарымта кездесуін өткізеді. Назарларыңызға кездесу алдындағы болжамдарды ұсынып отырмыз.

Владимир Никитенко шәкірттері өз алаңында қарсыластарына есе жібергеннен кейін сырт алаңда барын салары даусыз. Алайда бұған киевтік «Динамо» мүмкіндік бере ме? Алаң иелері кездесуге ақ түсті, қонақтар яғни жерлестеріміз қызыл қара жолағы бар жейдесін киіп шығады.

Владимир Никитенко, «Ақтөбе» командасының бас бапкері:

- Барлығын ойын көрсетеді. Киевтік «Динамо» оңай қарсылас емес. Біз гол соғып, өз қақпамызға доп жібермеуіміз керек. Өзімізге қажетті нәтижеге барынша қол созамыз.

Олег Блохин,  «Динамо» командасының бас бапкері:

- Біз алғашқы кездесудегідей қателіктерге бой алдырмаймыз деп ойлаймын. Футболда қателік болмайды емес, болады. Алайда біз бүгін барынша сауатты ойнауға тырысамыз.

Игорь Суркис, «Динамо» командасының президенті:

- Мен Қазақстанның футбол деңгейін білемін. Кезінде «Қайратпен» өткізген кездесулеріміз әлі есімде. «Ақтөбе» біз үшін оңай қарсылас емес. Мұны алғашқы кездесуден-ақ аңғаруға болады.

Букмекерлік кеңселер Киевте өтетін қарымта ойында «Динамо» сенімді түрде жеңіске жетеді деп болжайды. Олар украиналық команданың жеңісіне – 1,23 коэффицент, тең ойынға – 5,5 коэффицент, ал «Ақтөбенің» жеңісіне – 13 коэффицент берген.  Бұл украиналық команданың кездесудегі фаворит екені даусыз.

Бүгінгі қарымта кездесуге Штефан Штудер бастаған швейцариялық қазылар төрелік етеді. Штудерге Жан-Ив Вихт пен Сладан Йосипович көмектеседі. Төртінші төреші — Ален Бьери. Молдован Геннадий Скуртул УЕФА делегаты болса, словакиялық Душан Крхняк бақылаушы атанады.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды «Қазақстан» және «KazSport» арналарынан тамашалай аласыздар!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosportkz.kz, vesti.kz

1000 5
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 29 тамыз 2013, 17:30
Пікірлер
+0
29 тамыз 2013, 17:54

Ал Ақтөбе, енді сенен күтеміз сенсацияны! Білеміз, қолдарыңнан келеді! Алға Ақтөбе!

+0
29 тамыз 2013, 17:55

Ал жігіттер, шабыңдар. Артқа қарай жол жоқ. Артымызда Қазақстан!

+0
29 тамыз 2013, 18:02

Жігіттер намысты қолдан бермеңдер! Жанкүйер жүрегін қуанышқа бөлеңдер!

+0
29 тамыз 2013, 21:04

Алға Ақтөбе.Өздеріңдікін жасап тастаңтадр) :)

+0
29 тамыз 2013, 21:42

Қарап отырсам, былтырға дейінгі еуромаусымдарда, Ақтөбеге топтық кезеңге өту үшін, үш жыл қатарынан 1 ғана доп жетпей келіпті. Эхх... жолын аштыру керекгау Ақтырналар орталығына барып...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...