"Барселона" Суперкубокты иеленді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
"Барселона" Суперкубокты иеленді (видео)

Каталондық "Барселона" қос кездесу нәтижесінде "Атлетикоға" Мадридте соққан гол маңыздылығы бойынша Испания Суперкубогын иеленді. Алғашқы ойын 1:1 есебімен аяқталған, ал қарымта кездесуде есеп ашылмады.

БӨЛІСУ

Алғашқы кездесуде сырт алаңда соққан голы Херардо Мартино шәкірттеріне жеңіс сыйлады. Ал қарымта "Ноу Камп" стадионында өткен ойын аса тартысты болды. Кездесуде Виктор Вальдес өзі қорғаған қақпаны бірнеше голдан аман алып қалды. 81 минутта "Атлетико" сапынан Филипе Луис алаңнан қуылды. Сонымен қатар, алаңдағы орнын 71 минутта Адрианға ауыстырған Арда Туран да 90 минутта төреші тарапынан қызыл қағаз иеленді. Ал 89 минутта каталондықтардың көшбасшысы Лионель Месси пенальти орындай алмады. Доп қақпа бағанасына тиіп кейін серпіліп кетті.

"Барселона" өз тарихында Испания Суперкубогын 11-ші рет иеленіп отыр. Ал аргентиналық маман Херардо Мартиноның бұл команда тізгінін ұстағаннан бергі алғашқы кубогы.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz