Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен күтетін мереке
Мен күтетін мереке

Автор: Гүлжанар Жарқынбекқызы

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Бүгін Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылады

Бүгін Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылады

Бүгін Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылады

Кеше Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққан командалардың барлығы белгілі болды. Бүгін Монакода топтық кезең жеребесі тартылады.

Чемпиондар Лигасында еліміздің намысын абыроймен қорғаған қарағандылық «Шахтер» қос кездесу қорытындысы бойынша 2:3 есебімен шотландияның «Селтигінен» айналып өте алмаған болатын. Ал «Батэ» мен «Скендербеуді» жарыс жолынан шығарған «кеншілер» ұжымы енді Еуропа лигасында ел намысын қорғайтын болады.

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған 32 команда 4 себетке бөлінген. Бұлай себеттерге бөліну командалардың УЕФА рейтингіндегі орындарына байланысты орын алған. (Бір себеттегі командалар топтық кезеңде бір-бірімен қарсылас атанбайды)

1-ші себеттегі командалар:  "Бавария" (Германия), "Барселона" (Испания), "Челси" (Англия), "Реал" (Испания), "Манчестер Юнайтед", "Арсенал" (екеуі де - Англия), "Порту" және "Бенфика" (екеуі де - Португалия).

2-ші себеттегі командалар: "Атлетико" (Испания), "Шахтер" (Украина), "Милан" (Италия), "Шальке" (Германия), "Марсель" (Франция), ЦСКА (Ресей), "Пари Сен-Жермен" (Франция), "Ювентус" (Италия).

3-ші себеттегі командалар: "Зенит" (Ресей), "Манчестер Сити" (Англия), "Аякс" (Нидерланды), "Боруссия" (Германия), "Базель" (Швейцария), "Олимпиакос" (Грекия), "Галатасарай" (Түркия), "Байер" (Германия).

4-ші себеттегі командалар: "Копенгаген" (Дания), "Наполи" (Италия), "Андерлехт" (Бельгия), "Селтик" (Шотландия), "Стяуа" (Румыния), "Виктория Пльзень" (Чехия), "Реал Сосьедад" (Испания), "Аустрия" (Австрия).

Жеребе тастау рәсімі аяқталған соң, 2012/2013 маусымдағы Еуропаның үздік футболшысы анықталатын болады. Естеріңізге сала кететін болсақ, бұл атаққа Криштиану Роналду, Лионель Месси және Франк Рибери  қол созып отыр.

Чемпиондар Лигасының жеребесі Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: fratria.ru

1308 11
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 29 тамыз 2013, 09:48
Пікірлер
+0
29 тамыз 2013, 12:00

Күтемін, қызық түссе екен жеребе

+0
29 тамыз 2013, 13:00

Селтик түскен топта, мына жерде Шахтер болуы мүмкін еді ғоойй деп ойлайтынымыз анық :)

+0
29 тамыз 2013, 13:05

Еуропаның үздік футболшысы кім болар екен?

+0
29 тамыз 2013, 17:32

Месси да, кім болушы ед басқа. :arrow:

+0
29 тамыз 2013, 17:39

Рибери!!! ;)

+0
29 тамыз 2013, 17:33

Не болса да болды, тек жеребе әділ өтсе болды

+0
29 тамыз 2013, 18:56

Роналду бармайды екен, Анчелотти жібермей қойыпты деген сыбыс тарап жатыр

+0
29 тамыз 2013, 18:59

юнайтедпен дортмунд бір топта болса... :)

+0
29 тамыз 2013, 21:37

Бавария, Атлетико, МанСити, Селтик! Менің қалауым :D

+0
29 тамыз 2013, 21:38

Барса, ПСЖ, Боруссия, Наполи!

+0
29 тамыз 2013, 22:21

реал, Селтик, Боруссия, бір топта болғаны жақсы болар ед. Реал Селтикті қадаса, Боруссиядан реванш алар ед

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...