Аргентиналық футболшы ойын кезінде көз жұмды

Аргентиналық футболшы ойын кезінде көз жұмды

"Лаферрере" клубының шабуылшысы Эктор Санабрия футболдан Аргентина чемпионатының үшінші дивизион ойыны кезінде көз жұмды. Ойыншы алдағы бейсенбі күні 28 жасқа толар еді, дейді клубтың ресми сайты. 

"Хенерал Ламадрид" клубына қарсы кездесудің 29-минутында Санабрия есінен танған. Дәрігерлер сол мезетте ойыншыға алғашқы жәрдем көрсетіпті, алайда ауруханада жатқан футболшы көп ұзамай көз жұмған. Кездесудің бас төрешісі Эрнан Мастранхело БАҚ өкілдеріне Санабрияның есінен танған кезінде онымен басқа ойыншылардың байланыспағанын айтады. 

АП-тың мәлімдеуінше, апта соңы болатын Аргентина чемпионатының барлық кездесуі осы оқиғаға байланысты 1 минут үнсіздіктен басталады. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: ria.ru

Ж. FM