Бірі жеңіп, бірі жеңілді

Бірі жеңіп, бірі жеңілді

Алматыда ерлер арасында волейболдан өтіп жатқан «Президент Кубогынде» еліміздің намысын қорғайтын қос командамыздың бірі жеңіп, бір жеңілді.

Олег Кузнецов баптайтын Қазақстан-2  командасы Бахрейн құрамасынан 1:3 (29:27, 22:25, 23:25, 21:25) есебімен жеңіліс тапса, негізгі құрамдағы Қазақстан командасы БАӘ волейболшыларынан 3:0 (25:19, 25:18, 25:12) есебімен басым түсті. Естеріңізге сала кететін болсақ, алғашқы кездесуін жерлестеріміз бір-біріне қарсы өткізіп, Қазақстан-2 командасы жеңіске жеткен болатын.

28 тамыз. Жарыс кестесі:

БАӘ – Қазақстан-2     11:00

Ресей – Иран               13:00

Катар – Түркия            15:00

Қазақстан – Бахрейн  17:00

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosportkz.kz

Ө. Сансызбай