Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Вуэльта" көпкүндігі. Нибали қызыл жейдесінен айырылды

"Вуэльта" көпкүндігі. Нибали қызыл жейдесінен айырылды

Қазақстандық «Астана» велокомандасының көшбасшысы итальяндық Винченцо Нибали Испания жерінде өтіп жатқан «Вуэльта» көпкүндігінің үшінші кезең қорытындысы бойынша жалпы есептегі бірінші орнынан айырылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Виго мен Мирадор де Лобейру арасын жалғап, 184,8 шақырымды құраған жарыста биіктігі 250 метрді құрайтын мәреге RadioShack-Leopard командасынан 41 жасар американдық велошабандоз Крис Хорнер бірінші болып жетті. Қорытындысында американдық спортшы көшбасшының қызыл жейдесін Нибалиден алып өзі киді. Ол енді «Астана» капитанынан сегіз секундқа алда келеді.  

Айта кету керек, американдық ардагер «Вуэльта» көпкүндігінде топ бастай отырып, барлық Гранд-турлар жарысы ("Вуэльты", "Тур де Франс" және "Джиро д'Италия") тарихындағы жасы үлкен велошабандоз деп танылды. Хорнер бұл жетістікке 41 жас 307 күн нәтижесімен жетіп отыр. Осыған дейінгі рекорд итальяндық Андреа Ноэге (38 жас және 128 күн) тиесілі болған еді. Ол 2007 жылғы "Джиро д'Италия" жарысында бірнеше кезең бойы қызыл жейдесін сақтап келген болатын.

Үшінші кезең қорытындысы бойынша екінші орын испандық Movistar командасынан Алехандро Вальвердеге бұйырды. Ал мәрені үшінші болып оның отандасы ресейлік «Катюша» командасының көшбасшысы Хоаким Родригес кесті. "Астаналық» Нибали болса бұл кезеңді 11-ші болып аяқтады.  

Бүгін сейсенбі, 27-тамыз күні болатын «Вуэльта» жарысының төртінші кезеңі жоталар арқылы өтіп, 186,4 шақырымды құрамақ.

Естеріңізге салсақ, «Астана» бұл жарыстың алғашқы кезеңіндегі командалық жекелей жарыста топ жарса, ал екінші күні Нибали жалпы есепте топ бастаған еді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ru.euronews.com

Қосылған күні: 27 тамыз 2013, 16:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.