Финонченко ұлттық құрамаға шақырту алды

О Сансызбай Корреспондент
Финонченко ұлттық құрамаға шақырту алды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Фарер аралдары мен Швецияға қарсы алаңда өнер көрсететін футболшылардың тізімін жариялады.

БӨЛІСУ

Мирослав Беранек бұл жолы ұлттық құрамаға «Шахтер» командасының капитаны 31 жастағы Андрей Финонченконы шақырды. Сонымен қатар, «Ордабасы» командасының қақпашысы Самат Отарбаев, жартылай қорғаушысы Андрей Карпович те негізгі құрамнан орын алып отыр.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Қазақстан 2014 жылғы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының іріктеу аясында 6 қыркүйек күні Фарер аралдары құрамасын, 10 қыркүйекте Швециямен өз алаңымызда шеберлік байқасатын болады. Кездесулер "Астана-Арена" стадионында өтеді.

Мирослав Беранек жариялаған ұлттық құрама футболшылары:

Қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»), Антон Цирин («Жетісу»), Самат Отарбаев («Ордабасы», Шымкент);

Қорғаушылар: Қайрат Нұрдәулетов («Астана»), Андрей Порываев («Шахтер»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Алексей Мулдаров («Ақтөбе»), Виктор Дмитренко («Астана»), Марк Гурман («Қайрат», Алматы), Александр Кислицын («Қайрат», Алматы), Константин Энгель («Энерги», Коттбус, Германия);

Жартылай қорғаушылар: Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл», Қостанай), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Валерий Коробкин («Астана»), Дмитрий Шомко («Ертіс», Павлодар), Андрей Карпович («Ордабасы», Шымкент), Анатолий Богданов («Тобыл», Қостанай);

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Андрей Финонченко («Шахтер»), Сергей Хижниченко («Шахтер»), Сергей Остапенко («Астана»), Алексей Щеткин («Атырау»), Игорь Юрин («Ертіс»).

Қосалқы құрам:

Қорғаушылар: Мухтар Мухтаров («Ордабасы», Шымкент), Захар Коробов («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Павел Шабалин («Ертіс», Павлодар), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Ұлан Конысбаев («Астана»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы», Шымкент), Виталий Волков («Тобыл», Қостанай), Генрих Шмидтгаль («Фортуна», Дюссельдорф, Германия);
Шабуылшылар: Сергей Гридин («Ақтөбе»).

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.nur.kz