Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Шахтер" Шотландияға жол тартты

"Шахтер" Шотландияға жол тартты

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қарымта кездесуі аясында қарағандылық «Шахтер» командасы Глазго қаласына жол тартты. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.

«Шахтер» командасын Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев пен «кеншілер» ұжымының жанкүйерлері халықаралық «Сарыарқа» әуежайынан шығарып салды. Қарағандылық жанкүйерлер командасының топтық кезеңге шығатынына сенімді. Өз кезегінде «кеншілер» команданың бас бапкері Виктор Кумыков та қарсылас қақпасында бірнеше доп тулатып, жеңіске бастар жолды іздейтінін жасырмады.

Сонымен қатар, қарағандылық ұжым «Селтик Паркте» қолдау көрсететін жанкүйерлеріне арнап команданың қызыл-сары түсті жейделері мен сыйлықтарын алып бармақ. Естеріңізге сала кететін болсақ, жергілікті «Селтик» командасының басты қарсыластары саналатын «Глазго Рейнджерс» клубының жанкүйерлері қазақстандық клубты қолдайтынын әлеуметтік желілерде хабарлаған болатын.

Ал "Шахтер" командасы жайлы УЕФА бейнежазба түсірді. Ұзақтығы төрт жарым минуттай болатын бейнежазбада команданың тарихынан сыр шертіп, футболшылар туралы да мағлұмат береді. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне дейін жетіп, шотландиялық «Селтикті» алғашқы кездесуде жеңген ұжымның оңай шағылатын жаңғақ емес екені айқындалған.

«Шахтер» мен «Селтик» арасындағы қарымта кездесу тамыздың 28-нен 29-на қараған түні Глазгодағы «Селтик Паркте» өтеді. Кездесуді «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

1634 9
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 26 тамыз 2013, 15:45
Пікірлер
+0
26 тамыз 2013, 15:53

Сәттілік жігіттер! Жеңістің жолын жалғаңдар!

+0
26 тамыз 2013, 16:10

жеңіспен оралыңыздар!

+0
26 тамыз 2013, 16:38

Жігіттерге сәттілік!!! Бір гол салу керек ең бастысы!!! Аллам жар болсын!!! АЛҒА ШАХТЕР! АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!!!

+0
26 тамыз 2013, 16:39

Сосын мына роликті түсірген НТВ емес, УЕФАлықтар, НТВ тек көрсетеді! Түзей салыңдар!

+0
26 тамыз 2013, 21:42

Ау админдер, қисық ақпар бергенді қашан қоясыідар? Ана ролик УЕФАның түсірген ЧЛ журналы. НТВ орысшаға аударып көрсетеді тек. Түзетсеңдерші!

+0
26 тамыз 2013, 22:12

Тау ұлы, түзетілді. Ұрыспаш :lol:

+0
26 тамыз 2013, 22:15

Уфф, әйтеуір түзеттіңдер-ау) Нервым шыдамай кетед, біреу сразу жауап бермесе, без айып :D

+0
26 тамыз 2013, 22:31

Керемет жігіттер мүмкін емес,бірақ шындық :?:

+0
28 тамыз 2013, 21:39

жеңіспен оралыңдар)сәттілік))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...