Александр Винокуровтың велосипеді 3.5 миллионға сатылды

Александр Винокуровтың велосипеді 3.5 миллионға сатылды

Велоспорттан Олимпиада чемпионы атанған Александр Винокуровтың велосипеді Боровоеде өткен қайырымдылық аукционында 3,5 миллион теңгеге сатылды. 

«Бастапқы бағасы 700 000 теңге болған велосипед 3,5 миллион теңгеге сатылды. Велосипедтің сатылымынан және басқа да лоттардан түскен қаржы Көкшетау қаласындағы облыстық перзентхананы жабдықтауға жұмсалады», - дейді аукцион ұйымдастырушылары.

Александр Винокуровтың айтуынша, дәл осы велосипедпен ол 2011 жылы Тур-де-Франс көпкүндігіне қатысыпты.

«Велосипед 2011 жылы Тур-де-Франсқа қатысты. Ол жақта менің велосипедтен құлаған кезім де болды. Ол жақтың өзіндік тарихы бар. Мен оны білемін, және оны бәрі білсін», - дейді А. Винокуров.

Аукционда велосипедтен бөлек Олимпиада чемпионы тарапынан басқа да лоттар ойнатылды. Винокуровтың жеңіске жеткен төрт жейдесі бастапқы бағасы 45 мың теңгеден сатылымға қойылды.

Аукцион жүзден аса адам қатысуға ниет білдірген велосипед жарысымен жалғасты. Веложарыстың ең кішкентай қатысушына спортшы «Золотая карьера Александра Винокурова» деген кітап сыйлады.

Естеріңізге сала кетсек, А. Винокуров 2012 жылы Олимпиада чемпионы атанған болатын. Ол сонымен бірге Испанияда өтетін Вуэльта жарысын 2006 жылы жеңіп алды.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет:  vesti.kz

Ж. FM