Руни келесі жылы МЮ-ден өз келісімшартын сатып алуы мүмкін

Руни келесі жылы МЮ-ден өз келісімшартын сатып алуы мүмкін

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Уэйн Руни келесі жылдың жазында өз клубынан өзіне қатысты келісімшартты сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mirror.

27 жастағы ойыншы "Челсидің" үшінші ұсынысы өткен екеуі секілді қабылданбай қалуы мүмкін деп қауіптенуде. Алайда МЮ-дің аталған ойыншыны сақтап қалу ниетіне қарамастан, Руни ауысу шешімінен айныр емес. 

Daily Mirror-дің ақпаратына сенер болсақ, Руни ойыншылардың ауысымы мен статусына қарасты ФИФА регламентінің тармағы бойынша шағым білдіруі мүмкін. Бұл Руниге өз келісімшартының аяқталуына бір жыл қалғанда оны сатып алу құқығын береді. 

Осылайша, келесі жазда "Олд Траффордтан" бос агент ретінде кету үшін Руни "Юнайтедке" 12 миллион фунт төлеуі қажет болады. Шабуылшы үлкен шығынды жаңа клубтағы жалақысы арқылы қайтарып алуы мүмкін. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: noventaminutos.mx




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Құсбегілер бәсі
Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN