Роналду МЮ-ға оралуға ниет білдірді

Роналду МЮ-ға оралуға ниет білдірді

Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду жақын болашақта "Олд Траффордқа" оралуға дайын екендігі жайлы "Манчестер Юнайтедті" хабардар етті.

The Guardian-ның хабарлауынша, португалдық ойыншы спорттық ғұмырын "Юнайтедте" аяқтағысы келетін көрінеді. Айта кетсек, Криштиану осыдан төрт жыл бұрын корольдік клубқа ауысып, әлемдегі ең қымбат ойыншы атанған болатын. 

МЮ-де Роналду қазіргі таңда "Реалмен" жаңа келісім-шартқа отыруға тырысуда деп есептейді. Дей тұрғанмен, ағылшындар аталған ойыншының оралуға деген ниетіне қуанышты екен. 

Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, трансфер ағымдағы жылдың жазында жүзеге аспайды, бірақ оның келесі жылы болуы әбден мүмкін. Олай болған жағдайда "Реал" да шетте қалмай, өз ойыншысына қомақты қаржы сұрауы әбден ықтимал. 

Басқа ақпараттарға сүйенер болсақ, "Тоттенхэмнің" ойыншысы Гарет Бэйлдің корольдік клубқа келуінен соң Роналду позициясы әлсіреп қалуы мүмкін және соны нығайту мақсатында ол осындай қадамға барып отыр-мыс. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: office-yumora.ru 

Ж. FM