Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Еуропа лигасы. «Ақтөбе» 2 - 3 «Динамо»

Еуропа лигасы. «Ақтөбе» 2 - 3 «Динамо»

Еуропа лигасы. «Ақтөбе» 2 - 3 «Динамо»

Бүгін Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясында «Ақтөбе» өз алаңында киевтік «Динамоны» қабылдайды. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

«Ақтөбе» өз алаңында барын салуы керек. Қонақтағы кездесу кез келген командаға оңай соқпасы анық. «Динамо» командасын қолдауға Украинадан 200-ден астам жанкүйер келіпті. Ал осыдан бір апта бұрын «Динамо» бапкерлерінің бірі Сергей Ребров Шымкентке келіп, «Ордабасы» – «Ақтөбе» ойынын тамашалаған болатын.  Бұл кездесуге қос ұжым да сақадай-сай келіп отыр десек болады.

Владимир Никитенко, «Ақтөбе» командасының бас бапкері:

- Қарсыласымыз өте тәжірибелі. Біз жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетеміз деген сенімдемін. Ойынды өз қолымызда ұстауға тырысамыз. Және бұған біздің команданың күші мен жеңіске деген құштарлығы жетеді деп ойлаймын.


Олег Блохин, «Динамо» командасының бас бапкері:

- «Ақтөбе» - жақсы команда, футбол ойнауды біледі. Қонақтағы кездесуде біз мақсатымызды орындап қайтамыз деп ойлаймын. Қарсыластың да дайындығы нашар емес. Алайда біз «Селтик» емеспіз. Ештеңеден қорықпаймыз.


Сергей Ребров, «Динамо» командасының қосалқы бапкерлерінің бірі:

- Шымкентте өткен «Ордабасыға» қарсы кездесуде "Ақтөбенің" толық құрамы шықпады. Негізгі футболшылар алаң жиегінде болды. Ауа-райының ыстық болуы барлығы жергілікті команданың жеңісіне әкеліп соқты. Бұл жолы қарсыластарымыздан атап айтар тұстарын бағамдай алмадым.

Көптеген букмекерлік орталықтар киевтік «Динамоның» жеңісіне шүбә келтірмеген. «Ақтөбенің» жеңісіне 6.94, тең кездесуге 3.72, ал қонақтардың жеңісіне 1.58 коэфициент беруде. УЕФА рейтингінде  жерлестеріміз 241 орында болса, киевтік «Динамо» 25 орында тұр.

Кездесуді Ақтөбедегі стадионнан 13000-нан астам көрермен, ал теледидар арқылы 30 миллиондай жанкүйер тамашалайды деп күтілуде. Қос ұжым арасындағы тартысты «Қазақстан» мен «KazSport» арналары ұсынады. Ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz, prosportkz.kz

Қосылған күні: 22 тамыз 2013, 18:53
Пікірлер
+0
22 тамыз 2013, 17:21

Ойбу, мен үйге жетем дегенше басталып кететін түрі бар ғой

+0
22 тамыз 2013, 23:08

хехехехехехххе аузыңа май)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.