«Динамо» да «Ақтөбеге» шағым түсірмек

О Сансызбай Корреспондент
«Динамо» да «Ақтөбеге» шағым түсірмек

Кеше Ақтөбеде оқу-жаттығуларын өткізген киевтік «Динамо» да УЕФА-ға шағым түсірмек. Олар алаңдағы көгалдың биіктігі ойынға кедергі келтіреді деп отыр. Бұл туралы Украинаның sport.ua сайты хабар таратты.

БӨЛІСУ

Ақтөбеде жаттығу өткізген «Динамо» футболшылары алаңның көгалы биік болуы кездесуде қолайсыздық тудырады дейді. Бірлігі жараспай жүрген команданың бұл да бір сылтауы болар. Осыған дейін шотландиялық «Селтик» қарағандылық «Шахтердың» атына шағым түсіретіні жайлы жазған болатынбыз. Енді «Динамо»...

Естеріңізге сала кететін болсақ, бүгін Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясында «Ақтөбе» өз алаңында киевтік «Динамоны» қабылдайды. Астана уақытымен 19:00-де басталатын кездесуді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналарынан тамашалай аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sport-xl.net