"Селтик" шағым түсірмек

"Селтик" шағым түсірмек

Чемпиондар лигасының алғашқы кездесуінде «Шахтердан» жеңіліс тапқан шотландиялық «Селтик» клубы УЕФА-ға шағым түсірмек. Шағымы кездесу алдындағы команданың құрбандық шалғанына байланысты болып отыр.

«Селтик» футболшылары алаңдағы қанның ізін көріп, қатты шошынған көрінеді. Бұл шотландықтардың психологиялық күйзеліске ұшырауы мен кездесудегі ойын барысына әсер етіпті-міс. Біз осы сиқырлы құрбандық салдарынан өз деңгейіміздегі ойын өрнегін көрсете алмадық, деп УЕФА-ға шағым түсірмекші.

Ал УЕФА-ның баспасөз офицері Сергей Борисов «Селтик» шалынған құрбандыққа бола шағым түсіретін болса, командаға абырой әкелмесі анық деп отыр. 

«Ешқандай ережеде құрбандық шалуға тыйым салынбаған. Егер де «Селтик» сондай шағым түсіретін болса, оны қанағаттандыруға ешқандай негіз жоқ. Шын мәнінде құрбандыққа шалу рәсімі ресми шара, жаттығу немесе баспасөз мәжілісі барысында жасалған жоқ. Егер команда өз дәстүріне сай әрекет жасаса, ол оның жеке шаруасы. Сондықтан осынау шағымды УЕФА-да әлдебіреу шындап қарастыруға кіріседі дегенге өз басым сене қоймаймын», - дейді Сергей Борисов.

Естеріңізге сала кететін болсақ, қос команда арасындағы қарымта кездесу 28 тамыз күні «Селтик Паркте» өтеді. Ал шағым жайына келетін болсақ, "Жеңілгеннің сөзі құрысын" дегеннен басқа айтарымыз жоқтай.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай