Мартино: Месси мен Неймар қатар ойнамайды

Мартино: Месси мен Неймар қатар ойнамайды

«Барселонаның» бас бапкері Херардо Мартино Неймардың алаңға Лионель Мессимен бір қатарда шығуына әлі ерте екенін жеткізді. 

Испания біріншілігінің бірінші турында «Барселона» «Левантені» 7:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Сол жолғы ойында қос гол соққан Месси ойынның 71-минутында алаңнан кеткен болса, ал Неймар бұдан 7 минут ерте шыққан еді. 

"Барлығы Месси мен Неймардың бірлескен ойынын көруді қалайды. Бірақ, бұл оған (Неймарға) зиянын келтіреді. Мен оның команда ойынына тез бейімделгенін қалаймын, бірақ, жағдайды еш асықтырғым келмейді. Жақын уақыттарда біз оның ең үздік қалпын көретін боламыз. Бұл менің ойым және менің шешімім" - дейді Мартино.

Мартино сонымен қоса Мессиді барлық ойында 90 минут пайдаланбауға құлықты екенін айта кетті. Өйткені, ойыншының бір маусым бойында күш-қуатын сақтап қалуға тырыспақ.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: football.sport-express.ru

Л. Лига